Пайдаланушы интерфейсі және өзара байланыс функциялары

Пайдаланушы интерфейсі (37) лазер мен жұмыс шамын қосып өшіру үшін және электр құралының күйін көрсету үшін пайдаланылады.

Нұсқау: айналу жиілігін алдын ала таңдау (56) және лазерді/жұмыс шамын қосу/өшіру (54) түймелері, электр құралы қосылып тұрған немесе бос жүріс күйінде болған кезде белсенді болады.

Электр құралы қуатты үнемдейтін ECO режимінде пайдаланылғанда, аккумуляторды зарядтау уақыты 20%-ға ұзаруы мүмкін.

ECO режимі белсенді болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторында (55) E белгісі көрсетіледі. Оған қоса ECO режимінің индикаторы (50) жанады.

Eco режимі және 3 айналу жиілігінің деңгейі алдын ала реттелген.

Айналу жиілігінің деңгейі

Айналу жиілігі [мин-1]

Материал

Eco

2500

1

3000

Алюминий

2

3800

Пластик немесе ПВХ

3

4500

Ағаш

Кестедегі материал мәліметтері ұсыныс болып табылады.
Әдепкі бойынша алдын ала реттелген айналу жиілігімен аралау жұмысы орындалса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (56) ақ түспен жанады.

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (56) айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де реттеуге болады.
Жекелей реттелген айналу жиілігімен аралау жұмысы орындалса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторы (56) көк түспен жанады.

Электр құралының күйі индикаторы (51)

Мағынасы/себебі

Шешімі

Жасыл

OK күйі

Сары

Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

Қызыл

Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған

Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау

қызыл түспен жыпылықтайды

Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды

Электр құралын өшіріп қосу, қажет болса, аккумуляторды шығарып қайта орнату.

Көк түспен жыпылықтайды

Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста немесе реттеулер көшірілуде

Температура индикаторы (49)

Мағынасы/себебі

Шешімі

сары

Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор)

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту

қызыл

Электр құралы қызып кетті және өшеді

Электр құралын суыту

Лазерді/жұмыс шамын қосу/өшіру түймесін (54), сіз қалаған лазер (52) және/немесе жұмыс шамы (53) индикаторлары жанғанша басыңыз.

Лазер индикаторы (52) және жұмыс шамының индикаторы (53)

Мағынасы

  • Лазер қосулы
  • Жұмыс шамы қосулы

  • Лазер қосулы
  • Жұмыс шамы өшірулі

  • Лазер өшірулі
  • Жұмыс шамы өшірулі

  • Лазер өшірулі
  • Жұмыс шамы қосулы

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:

  • Тіркеу және дербестеу
  • Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
  • Жалпы мәліметтер мен реттеулер
  • Басқару
  • Айналу жиілігінің деңгейлерін реттеу

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.

Смартфон индикаторы электр құралы Bluetooth® радио технологиясы арқылы ақырғы мобильді құрылғыға ақпарат (мысалы, температура туралы ескерту) жібергенде жанады.