Ақаулықтарды жою

Мәселе

Шешімі

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (45) тексеріңіз.

Басты ажыратқыш (2) "Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы" күйінде.

Басты ажыратқышты (2) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (4) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы өшеді.

Ылғалды сору кезінде A және M жарық диодты индикаторлары баяу әрі бір уақытта жыпылықтайды.

Контейнерді (1) босатыңыз.

Құрғақ сору кезінде A және M жарық диодты индикаторлары жылдам әрі бір уақытта жыпылықтайды: сорғыштағы розетканың қатты қызудан қорғанысы іске қосылған.

Электр құралын өшіріңіз.

Сорғыш өшеді.

Сорғыштағы розетканың максималды кернеуінен асыру себебінен сорғышқа шамадан артық жүктеменің түсуі: қозғалтқыштың қорғайтын сақтандырғышы іске қосылды.

Сорғышты өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жіберіңіз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

Сорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секундтан кейін қайта қосыңыз.

Толтыру деңгейінің датчиктерін (45) және датчиктердің (45) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сору қуаты төмендеді.

Сору саптамасын, сору құбырын , сорғыш шлангіні (29) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) жиналып қалған кірден тазартыңыз.

Пластик қапты (32)/тоқыма сүзгі қабын (40) алмастырыңыз.

Сүзгі қақпағын (43) дұрыс бекітіңіз.

Сорғыштың жоғарғы бөлігін (12) дұрыс орнатып, жапқыштарды (15) жабыңыз.

Жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр

Жалпақ қатпарлы сүзгінің (34) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

Жалпақ қатпарлы сүзгіні (34) алмастырыңыз.

Автоматты түрде өшіру құрылғысы (ылғалды сору) жұмыс істемей тұр.

Толтыру деңгейінің датчиктерін (45) және датчиктердің (45) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы жұмыс істемей тұр.

Сүзгіні қолмен тазалау түймесін (7) басу арқылы қолмен басқару режиміне ауысыңыз.

Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні қолмен тазалау функциясын іске қосу мүмкін емес.

Сорғыштың қатты қызудан қорғанысы іске қосылған.

Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (7) 10 рет қайта-қайта басылып, қатты қызудан қорғаныс іске қосылды. Қатты қызудан қорғаныс 20 секундтан кейін автоматты түрде өшіріледі.

Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (7) 30 рет қайта-қайта басылып, қатты қызудан қорғаныс іске қосылды. Қатты қызудан қорғаныс 4 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.

Мәселе шешілмесе, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы іске қосылмады.

Өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.