Сүргілердің қауіпсіздік нұсқаулары
- Диск кескіштері кемінде аспапта белгіленген жылдамдыққа белгіленген болуы тиіс. Белгіенген жылдамдықтан көп айналатын дискілі кескіштері ұшып кетіп жарақаттануы мүмкін.
- Әрдайым қорғағышты пайдаланыңыз. Қорғағыш бұзылған дискілі кескіш бөлшектерінен және дискілі кескішті кездейсоқ тиіп кетуден сақтауы мүмкін.
- Әрдайым дұрыс өлшемдегі және жарамды бекіткіш саңылауы бар дискілі фрезаны пайдаланыңыз. Фрезаның монтаждық бөлшектеріне сәйкес келмейтін дискілі фрезалар эксцентрлі жұмыс істейді және бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкеледі.
- Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
- Қолыңызды фрезаның істеу аймағынан және фрезадан қашық ұстаңыз. Әрқашан екінші қолыңызды қосымша тұтқада ұстаңыз. Фрезаны екі қолмен ұстасаңыз, қолдарыңыз жарақатталмайды.
- Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен фрезаны жүргізбеңіз. Фрезалар зақымдалып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Өтпес немесе зақымдалған фрезаларды пайдаланбаңыз. Өтпес немесе зақымдалған фрезалар жоғары үйкеліс, қысылып қалу және теңгерімсіздікке алып келуі мүмкін.
- Электр құралды пайдалану барысында оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарыла алынады.
- Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
- Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
- Электр құралын әрдайым жинақтағы қосымша тұтқамен пайдаланыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз. Кескіш дискілерді немесе дискілі ара төсемдерін пайдаланбаңыз.
- Қолданысқа енгізбес бұрын дискілі фрезаның берік бекітілгенін тексеріңіз.
- Шпиндельді бұғаттау түймесін электр құралының қозғалыссыз күйінде ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.
- Электр құралын тек монтаждалған сырғудан бекіткішпен бірге пайдаланыңыз. Осылайша электр құралымен дәл жұмыс істеу мүмкін болады.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |