Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Керек болса, аспирациялық құбырды (22) тазалаңыз. Ол үшін тірек тақтаны (34) қайырып, қараңыз Тегерікті жонғышты орнату/алмастыру (AB суреттерін қараңыз) аспирациялық келтеқұбырларды алыңыз.

Сыртқы сору жүйесі ("Керек-жарақ" бетін қараңыз)

Сорғыш шлангінің (керек-жарақ) келтеқұбырын сыртқы сору жүйесіне салыңыз (22). Сорғыш шлангты шаңсорғышқа жалғастырыңыз.

Шаңсорғыш өңделетін дайындамаға сәйкес келуі керек.

Денсаулыққа зиянды, обыр туғызатын немесе құрғақ шаң түрлері үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Шаң қапшығымен өздігінен сору ("Керек-жарақ" бетін қараңыз)

Кіші фрезерлеу жұмыстарында шаң қабын (23) пайдалануға болады.

Шаң қапшығының (23) келтеқұбырын аспирациялық келтеқұбырға (22) салып, сәл айналдырыңыз.

Шаң қабын (23) өз уақытта босатып, шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.

Ол үшін шаң қабын (23) тартып алып, сыдырма ілгекті ашып шаң қабын босатыңыз.