Пайдалану түрлері

Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады:

  • Қиысу мен нүктелік жұмыс: Өлшеу құралы алға қарай көлденең және тік лазерлік сызықты және жоғары және төмен қарай көлденең лазерлік сызықты шығарады. Лазерлік сызықтар 90° бұрышта қиысады.
  • Көлденең сызықтық жұмыс: өлшеу құралы көлденең лазерлік сызықты алға қарай шығарады.
  • Тік сызықтық жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік сызықты алға қарай шығарады.
    Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда тік лазерлік сызық төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары көрсетіледі.
    Өлшеу құралын тікелей қабырғада орналастырғанда тік лазерлік сызық толық дерлік айналалық лазерлік сызықты (360° сызығын) шығарады.
  • Нүктелік жұмыс: өлшеу құралы тік лазерлік нүктені жоғары және төмен қарай шығарады.

Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің түймесін (3) лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде шыққанша басыңыз.

Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен да, еңіс функциясымен да орындалуы мүмкін.

Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (26) бірге жұмыс істеуге жарамды.