Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сұрыптары және минералдар сияқты кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Құрамында асбест бар материалды тек техник мамандар ғана өңдеуі керек.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын нұсқамаларды орындаңыз.

Шаң жинағыш қораппен өзіндік сору (DF суреттерін қараңыз)

Бүтін шаң жинағыш қорапты (2) құралмен толық жанасқанша үрлеп шығару келте құбырына (17) орнатып жылжытыңыз.

Шаң жинағыш қораптың (18) ішін босату үшін бүтін шаң жинағыш қорапты (2) үрлеп шығару келте құбырынан (17) тартып шығарыңыз. Адаптерді (19) шаң жинағыш қораптан (18) бұрап шығарыңыз да , шаң жинағыш қораптың ішін босатыңыз.

Нұсқау: шаңның оңтайлы сорылуын қамтамасыз ету үшін шаң жинағыш қораптың (18) ішін дер кезінде босатып тұрыңыз.

Тік аймақтарда жұмыс істегенде электр құралының шаң жинағыш қорабын (2) төмен қаратып ұстаңыз.

Сыртқы сорғыш (G суретін қараңыз)

Сорғыш шлангын (20) сору құбырына (17) салыңыз.

Шлангіні құрылғымен қатар бағыттау үшін шаңсорғыш шлангісін (20) адаптердің (19) Click&Clean интерфейсімен байланыстыруға болады.

Сорғыш шлангін (20) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.

Біз антистатикалық шлангілер мен шашыратқыш шаңсорғыштарды пайдалануға кеңес береміз. Әдеттегі шлангілер мен шаңсорғыштарды пайдалануға болады, бірақ статикалық зарядтың болуы ықтималдығынан пайдалануға кеңес берілмейді, себебі бұл жеңіл ток соғуға әкелуі мүмкін.