Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулін іске қосу
Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.
Түймелі элементті іске қосу
- Қақпақты (31) ашу үшін оны екі саусауқпен басып, сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Ашу үшін жарамсыз заттар (мысалы, бұрауыш немесе тиын) пайдаланылса, электроника немесе қақпақ зақымдалуы мүмкін. - Түймелі элемент пен Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 арасындағы оқшаулағышты алып тастаңыз.
- Кір кіргізбеу үшін қақпақты (31) жабыңыз (қақпақты орнатып, екі саусақпен шамалы басыңыз да, сағат тілінің бағытымен бұраңыз).