Тасымалдау (Z суретін қараңыз)
Электр құралын тасымалдаудан бұрын төмендегі қадамдарды орындау керек:
- Жылжымалы тұтқаны (34) толығымен артқа жылжытып, осы күйде бекітіңіз.
- Тереңдік шектегішінің (28) толығымен ішке басылуын және дәлдеу бұрандасы (27) жылжымалы тұтқаны жылжытқан кезде тереңдік шектегішіне тимей ойыққа кіруін қамтамасыз етіңіз.
- Жылжымалы тұтқаны тасымалдау кезіндегі қорғаныс (35) ішке толық басылғанша төмен жылжытыңыз
- Аралау үстелінің ұзартқыштарын (8) толығымен ішке жылжытыңыз.
- 0° тік еңіс бұрышын орнатып, қысқыш тұтқаны (14) бұрап бекітіңіз.
- Аралау үстелін (42) тірелгенше солға бұрап, бекіткіш тетікті (12) тартып қойыңыз.
- Электр құралына берік монтаждау мүмкін болмайтын барлық керек-жарақтарды шығарып алыңыз.
- Пайдаланылмаған ара дискілерін тасымалдау үшін мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз.
- Тасымалдау үшін аралау үстелінің бүйіріндегі ұстау ойықтарын (16) ұстаңыз.
- Электр құралын тасымалдаған кезде тек тасымалдау құрылғыларын пайдаланыңыз және еш жағдайда қорғаныш құрылғыларды, жылжымалы тұтқаны немесе қол тұтқасын пайдаланбаңыз.