Пайдалануға ендіру

  • Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға немесе өртке әкелуі мүмкін.
  • Зарядталған аккумуляторды (32) электр құралының аккумулятор науасына аккумулятор берік бұғатталғанша кіргізіңіз.

  • Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау тетігін (2) ортаға жылжытып, содан кейін ажыратқышты (65) басып тұрыңыз.

Нұсқау:Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (65) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

  • Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (65) жіберіңіз.

Электр құралы қуатты үнемдейтін ECO режимінде пайдаланылғанда, аккумуляторды зарядтау уақыты 20%-ға ұзаруы мүмкін.

ECO режимі белсенді болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторында (49) E белгісі көрсетіледі. Оған қоса ECO режимінің индикаторы (47) жанады.

Пайдаланушы интерфейсі (3) электр құралының айналу жиілігін алдын ала таңдау және күйін қарап шығу үшін пайдаланылады.

Eco режимі және 3 айналу жиілігінің деңгейі алдын ала реттелген.

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (48) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.

Айналу жиілігінің деңгейі

Айналу жиілігі [мин-1]

Eco

2550

1

3000

2

3500

3

4000

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (46)

Мағынасы/себебі

Шешімі

жасыл (2 - 5 жолақ)

Аккумулятор зарядталған

сары (1 жолақ)

Аккумулятор заряды таусылған дерлік

Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

қызыл (1 жолақ)

Аккумулятор заряды таусылған

Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау

Температура индикаторы (52)

Мағынасы/себебі

Шешімі

сары

Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор)

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту

қызыл

Электр құралы қызып кетті және өшеді

Электр құралын суыту

Электр құралының күйі индикаторы (51)

Мағынасы/себебі

Шешімі

жасыл

OK күйі

сары

Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

қызыл

Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған

Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау

қызыл түспен жыпылықтайды

Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды

Электр құралын өшіріп қосу, қажет болса, аккумуляторды шығарып қайта орнату.

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:

  • Тіркеу және дербестеу
  • Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
  • Жалпы мәліметтер мен реттеулер
  • Басқару
  • Айналу жиілігінің деңгейлерін реттеу

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.

Bluetooth® сымсыз технологиясының көмегімен қосылған ақырғы мобильді құрылғы жағдайында электр құралының күйі индикаторына байланысты қосымша ақпарат қолжетімді болуы мүмкін.