Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағынасы | |
---|---|
1-класты | |
Электр құралы айналып тұрғанда, аралау аймағына қол сұқпаңыз. Ара дискісіне тию жарақаттану қаупін тудырады. | |
Шаңнан қорғайтын масканы киіңіз. | |
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз. | |
Құлақ қорғанысын тағыңыз. Шуыл әсерінен есту қабілетіңіз зақымдануы мүмкін. | |
Қауіпті аймақ! Алақан, бармақ немесе қолды осы аймақтан мүмкіндігінше алшақ ұстаңыз. | |
Саусақтарды жылжымалы тұтқаның жылжымалы бөліктерінің арасына апармаңыз. Саусақтар қысылып, ауыр жарақат алуы мүмкін. | |
Ара төсемінің өлшемдерін ескеріңіз (ара төсемінің диаметрі D, саңылау диаметрі d). Саңылау диаметрі d аспап шпинделіне бос қуыссыз сәйкес келуі керек. Егер жалғастырғыш тетікті пайдалану керек болса, жалғастырғыш тетік өлшемдері ара төсемінің қалыңдығына және саңылау диаметріне және аспап шпинделінің диаметріне сәйкес болғанына көз жеткізіңіз. Мүмкіндігінше ара төсемімен бірге жеткізілген жалғастырғыш тетіктерді пайдаланыңыз. Ара төсемінің диаметрі D белгідегі дерекке сәйкес келуі керек. Сондай-ақ "Техникалық деректер" тарауындағы "Жарамды ара төсемдерінің өлшемдері" бөлімін қараңыз. | |
SDS болтының айналу бағыты ара дискісін тартуға (сағат тілінің бағытына қарсы) және ара дискісін босатуға (сағат тілінің бағытымен) көрсетеді. | |
Тасымалдау үшін электр құралын тек осы белгіленген жерлерінен (ұстау ойықтары) немесе тасымалдау тұтқасынан ұстаңыз. | |
Электр құралын ешқашан жылжымалы тұтқаның сабынан ұстап тасымалдамаңыз. | |
Тік еңіс бұрыштарында сол немесе оң жақ тіреуіш планка ұзартқышын жылжытыңыз немесе толығымен алып тастаңыз. | |
Жаңа жоғары қуатты қозғалтқыш ProCORE18V аккумуляторларымен бірге сымды электр құралдарындағы қозғалтқыштармен бірдей қуатты қамтамасыз етеді. | |
Қысқыш тұтқа ашық: Қысқыш тұтқа жабық: | |
Тік еңіс бұрышын реттеу үшін бөлек қадамдарды көрсетеді. | |
Тік еңіс бұрышының аймағын бұрау тетігінде реттеу: | |
Ара дискісінің солға қарай еңісі (45° ... 0°) | |
Ара дискісінің оңға қарай еңісі (0° ... 45°) | |
Жылжымалы тұтқаның толық қайыру диапазоны (–47° ... +47°) |