DAB+ радио станциясын реттеу/сақтау
<DAB+> опциясын аудио көзі ретінде таңдаңыз. Қолжетімді болса, соңғы реттелген DAB+ станциясы қайта ойнатылады.
Станцияның атауы көп функциялы индикатордың (l) жоғарғы жолағында пайда болады, ал астыңғы жолақта радио станция таратқан контент көрсетіледі.
- Станцияны ауыстыру үшін OK түймесін (8) бұрап, қажетті станцияны таңдаңыз немесе артқа іздеу түймесін (12) немесе алға іздеу түймесін (10) басыңыз.
- Реттелген таратқышты жадқа сақтау үшін қалаулы сақтау орнының бағдарламаны сақтау түймесін (6), сақтау орнының индикаторындағы (g) сақтау орнының нөмірі пайда болғанша, басыңыз.
- Жадқа сақталған таратқышты ойнату үшін бағдарламаны сақтау түймелерінің (6) бірін қысқаша басыңыз. Сақтау орнының индикаторында (g) сақтау орнының нөмірі пайда болады.
Егер DAB+-радио станциясы табылмаса, <No DAB+ Station found – Please start AutoScan> индикациясы (DAB+-станциясы табылмады – автоматты іздеуді іске қосыңыз) көп функциялы индикаторда (l) пайда болады.
Бұл жағдайда немесе қабылдау мәселелері туындағанда DAB+-станцияларын іздеу процесін іске қосыңыз:
- OK түймесін (8) басыңыз. Болмаса, реттеулер түймесін (9) басуға және <DAB+ AutoScan> (DAB+ автоматты түрде іздеу) тармағын таңдауға да болады.
- Дисплейде <Start DAB+ AutoScan?> (DAB+ автоматты түрде іздеу әрекетін бастау керек пе?) көрсетіледі. <Yes> (Иә) опциясы арқылы іздеу процесін бастауға немесе <No> (Жоқ) опциясы арқылы өзгеріссіз артқа қайтуға болады.
- Нұсқау: бағдарламаны сақтау түймелері (6) арқылы әлдеқашан сақталған станциялар іздеу кезінде жойылады.