Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Бұл радио қабылдағыш балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген немесе тәжірібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы радио қабылдағышты 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген, не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқауынсыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақаттану қаупі туындайды.
- Пайдалану, тазалау және техникалық қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Балалардың радио қабылдағышпен ойнамауына көз жеткізіңіз.
- Тек Bosch литий-иондық аккумуляторларын немесе AMPShare серіктесі ұсынған аккумуляторларды (минималды қуаты 1,5 А-сағ) зарядтаңыз. Аккумулятор кернеуі радио қабылдағыш аккумуляторының зарядтау кернеуіне сәйкес келуі қажет. Қайта зарядталмайтын аккумуляторларды зарядтамаңыз. Кері жағдайда өрт немесе жарылыс қаупі пайда болады.
- Радио қабылдағышыты таза ұстаңыз. Құралдың ластануы ток соғу қауіпін тудырады.
- Аккумуляторды өзгертпеңіз және ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндірушінің немесе AMPShare серіктесінің өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
- Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |
- Әр пайдаланудан бұрын радио қабылдағышты, кабельді және ашаны тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, радио қабылдағышты пайдаланбаңыз. Радио қабылдағыш пен ашаны өз бетіңізбен ашпаңыз және оларды тек білікті маманға және түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндеуге рұқсат етіңіз. Зақымдалған радио қабылдағыштар, кабельдер және ашалар электр тогының соғу қаупін арттырады.
- Желілік аша розеткамен үйлесімді болуы керек. Ашаны ешқандай жолмен өзгертуге болмайды. Ешқандай адаптер ашаларын радио қабылдағыштармен бірге қолданбаңыз. Өзгертілмеген ашаны және жарамды розеткаларды пайдалану ток соғу қаупін төмендетеді.
- Радио қабылдағышты тасымалдау, асып қою немесе ашасын розеткадан шығару үшін кабельді мақсатынан тыс пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір жиектерден немесе құрылғының жылжымалы бөліктерінен алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель ток соғу қаупін арттырады.
Желіге қосылған қуат ашасын жаңбырдан немесе ылғалдан алшақ ұстаңыз. Сумен немесе ылғалмен жанасу ток соғу немесе қысқа тұйықталу қаупін арттырады. |
- Радио қабылдағышты ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда төмен дыбыс деңгейін орнатыңыз. Ұзақ уақыт аралығындағы жоғары дыбыс деңгейі есту қабілетінің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ақ графикалық белгілер (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. корпорациясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз белгісінің/графикалық белгілердің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әрбір қолданысы лицензия бойынша жүзеге асырылады.
- Радио қабылдағышты судың тікелей тиюінен қорғаңыз. Радио қабылдағыштың ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
- Аккумулятор бөлімінің қақпағын және жалғағыштар бөлімінің қорғаныш қалпағын мүмкіндігінше жабық ұстаңыз. Жабық қақпақтар радио қабылдағышты су мен шаңнан қорғайды.