Буферлік батареяларды орнату/алмастыру
Радио қабылдағыштағы уақытты жадқа сақтау үшін буферлік батареяларды орнату керек. Ол үшін сілтілі-марганецтік батареялар ұсынылады.
Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау иінтірегін (18) ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) ашыңыз.
Қажет болса, аккумуляторды (25) шығарып алыңыз.
Батарея бөлімінің қақпағын (23) ашу үшін ысырманы (24) басып, қақпақты алып тастаңыз. Жеткізілім жиынтығындағы буферлік батареяларды салыңыз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (23) қайтадан орнатыңыз.
"REPLACE AAA BATTERY WHEN UNIT NO LONGER KEEPS CORRECT TIME": Радио қабылдағышта сағат сақталмай, индикатор әлсіз көрсетілгенде, буферлік батареяларды алмастырыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
- Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, буферлік батареяларды радио қабылдағыштан шығарып алыңыз. Радио қабылдағыш ішінде ұзақ уақыт жатқан буферлік батареяларды тот басып, олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.