Литий-иондық аккумулятормен (керек-жарақ) пайдалану (A суретін қараңыз)
Bosch компаниясы аккумуляторсыз радио қабылдағыштарды да сатады. Радио қабылдағыштың жеткізілім жиынтығына аккумулятордың кіретін-кірмейтінін қаптамадан анықтауға болады.
- Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтағыш құрылғылар радио қабылдағышыңызда пайдаланылатын литий-иондық аккумуляторға сәйкес келеді.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Аккумулятор бөлімі қақпағының құлыптау иінтірегін (18) ашып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) ашыңыз.
18 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (28) тірелгенше кіргізіңіз. 18 В аккумуляторларды шығарып алу үшін аккумуляторды құлыптан босату тұтқасын (27), аккумулятор құлыптан босатылып, сыртқа шығатындай етіп тартыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
12 В аккумуляторлар пайдаланылған кезде, зарядталған аккумуляторды аккумулятор бекіткішіне (22) тірелгенше кіргізіңіз. 12 В аккумуляторларды шығарып алу үшін аккумуляторды құлыптан босату түймелерін (26) басып, аккумуляторды аккумулятор бекіткішінен тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.
Аккумулятор бөлімінің қақпағын (17) жауып құлыптаңыз.