Аудио режим

Динамикті қосу үшін қосу/өшіру түймесін (6), күй индикаторының (11) жарық диодтары бірінен кейін бірі қысқа мерзімге жанғанша басыңыз. Қуатпен жабдықтау көзі аккумулятор болғанда, аккумулятордың заряд деңгейі қысқа мерзімге көрсетіледі.

Динамикті өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (6), күй индикаторының (11) жарық диодтары бірінен кейін бірі қысқа мерзімге жанып сөнгенше басыңыз.

20 минут ішінле Bluetooth® немесе Multi-Speaker Sound арқылы ешқандай байланыс орнатылмаса және басқа тасығыштар арқылы ешнәрсе ойнатылмаса (мысалы, ойнату кідіртілген), динамик осы уақыттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.

Дыбыс деңгейін көтеру (4) немесе дыбыс деңгейін төмендету (3) түймесін басу арқылы дыбыс деңгейін реттеуге болады. Динамикті қосқаннан кейін, әрдайым төмен дыбыс деңгейі орнатылады.

Динамикте төмендегі аудио функциялар бар:

  • Bluetooth® арқылы қосылған құрылғылардан ойнату (әдепкі бойынша орнатылған)
  • Сыртқы құрылғыларға арналған шығыс порт (16) арқылы USB дерек тасығышын ойнату
  • Multi-Speaker Sound арқылы ойнату
  • Multi-Speaker Sound арқылы ағымдағы ойнатуды (Bluetooth® немесе USB) осы функцияның көмегімен басқа құрылғыға көшіру

Өлшем жарамды болғанда, қосылған құрылғыны (мысалы, смартфон) тасымалдау тұтқасының (1) науасына орналастыруға болады.
Нұсқау: тым кішкентай немесе тым үлкен құрылғылар науа ішінен түсіп қалуы мүмкін екендігін ескеріңіз.

Ағымдағы аудио функцияны күй индикаторының (11) ортаңғы жарық диодында анықтауға болады:

  • көк: Bluetooth® сигналының ойнатылуы
  • көгілдір: Multi-Speaker Stream ойнатылуы
  • қызғылт: Multi-Speaker Sound арқылы ағымдағы ойнатуды көшіру
  • Жарық диоды өшірулі: USB дерек тасығышының ойнатылуы

Динамикті қосқаннан кейін, Bluetooth® арқылы ойнату процесі әдепкі бойынша орнатылады. Басқа аудио функциядан Bluetooth® функциясына ауысу үшін Bluetooth® түймесін (5) қысқаша басыңыз.

  • Байланысты жаңадан орнату: сақталған аудио көздері қолжетімсіз болғанда немесе аудио көзінен Bluetooth® арқылы байланыс аяқталып, жаңа аудио көзін іздеу керек болғанда, байланысты іздеу процесін бастаңыз. Ол үшін Bluetooth® түймесін (5) 0,5 секундтан ұзақ басыңыз.
    Іздеу барысында күй индикаторының (11) ортаңғы жарық диоды көк түспен жылдам ырғақпен жыпылықтайды.
    Сыртқы аудио көзі арқылы жаңа байланысты іске қосыңыз. Бұл әрекетті смартфондарда көбінесе Bluetooth® мәзіріндегі реттеулердің ішінде орындауға болады. Динамик GPB 18V‑6 C xxxx атауымен қолжетімді құрылғы ретінде көрсетіледі. Бұл ретте аудио көзінің/смартфонның пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
  • Қайта байланыстыру: егер динамик сыртқы аудио көзімен (мысалы, смартфон) Bluetooth® арқылы әлдеқашан байланыстырылған болса және бұл аудио көзі қолжетімді болса, онда осы аудио көзімен байланысты автоматты түрде орнатылады. Байланыстыру барысында күй индикаторының (11) ортаңғы жарық диоды көк түспен баяу ырғақпен жыпылықтайды.
    Сақталған аудио көзі қолжетімсіз болса, 2 минуттан кейін автоматты түрде байланысты іздеу процесі басталады.

Байланыс сәтті орнатылса, көтерілуші дыбыстық сигнал беріліп, күй индикаторының (11) ортаңғы жарық диоды көк түспен тұрақты жанады.

Байланыс үзілсе немесе аяқталса, төмендеуші дыбыстық сигнал беріледі. Динамик 20 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.

Bluetooth® арқылы қосылған аудио көзін динамик арқылы да басқаруға болады:

  • Тректі таңдау үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (8), қалаулы трекке қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз.
  • Ойнатуды бастау, тоқтату немесе жалғастыру үшін ойнату/кідірту түймесін (10) басыңыз.
  • Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (8), жолақтағы қажетті жерге жеткенше, басып тұрыңыз.

USB порты арқылы ойнату үшін жалғағыштар бөлімінің (17) қорғаныш қалпағын ашыңыз. USB дерек тасығышын (мысалы, флэш) динамиктегі сыртқы құрылғыларға арналған шығыс портына (16) салыңыз.

USB дерек тасығышын салған кезде, дыбыстық сигнал беріледі. Дерек тасығышын оқу мүмкін болмаса, динамик стандартты аудио функциясына (Bluetooth® арқылы ойнату) ауысады.

USB арқылы қосылған аудио көзін динамик арқылы да басқаруға болады:

  • Тректі таңдау үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (8), қалаулы трекке қол жеткізгенше, қысқаша басыңыз.
  • Ойнатуды бастау, тоқтату немесе жалғастыру үшін ойнату/кідірту түймесін (10) басыңыз.
  • Бір жолақтың ішінде алға немесе кері айналдыру үшін алға іздеу түймесін (9) немесе артқа іздеу түймесін (8), жолақтағы қажетті жерге жеткенше, басып тұрыңыз.
  • Кездейсоқ ойнату әрекетін бастау немесе аяқтау үшін алға іздеу түймесін (9) және артқа іздеу түймесін (8) бір уақытта басыңыз.

Нұсқау: әдепкі бойынша MP3 файлдары дерек тасығышының ең жоғарғы файл деңгейінен немесе ең жоғарғы қалтасынан оқылып ойнатылады. Ішкі қалталарда орналасқан файлдар оқылмауы мүмкін. MP3 форматынан басқа файл форматтары ойнатылмайды.

Ластанудан қорғау үшін жалғағыштар бөлімінің (17) қорғаныш қалпағын, USB дерек сақтағышын шығарғанда, қайтадан жауып қойыңыз.

Басқа аудио көзінен Multi-Speaker Sound арқылы ойнату режиміне ауысу үшін Multi-Speaker Sound түймесін (7) қысқаша басыңыз. Байланысты іздеу барысында күй индикаторының (11) ортаңғы жарық диоды көгілдір түспен жыпылықтайды. Байланыс сәтті орнатылса, көтерілуші дыбыстық сигнал беріліп, ортаңғы жарық диоды көк түспен тұрақты жанады.

Байланыс үзілсе немесе аяқталса, төмендеуші дыбыстық сигнал беріледі. Динамик 20 минуттан кейін автоматты түрде өшіп қалады.

Аудио көзі Bluetooth® немесе USB порты арқылы ойнатылса, бұл ойнату процесін басқа құрылғыларға Multi-Speaker Sound функциясының (мысалы, GPB 18VH‑6 SRC) көмегімен көшіруге болады. Ол үшін Multi-Speaker Sound түймесін (7) 0,5 секундтан ұзақ басыңыз. Растау үшін күй индикаторының (11) ортаңғы жарық диоды қызғылт түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі.

Multi-Speaker Sound арқылы көшіруді аяқтау үшін Multi-Speaker Sound түймесін (7) 0,5 секундтан ұзақ басыңыз. Растау үшін дыбыстық сигнал беріледі. Multi-Speaker Sound сеансы, сондай-ақ ойнатылатын аудио көзін ауыстырған кезде (мысалы, Bluetooth® режимінен USB дерек тасығышына) да аяқталады.