Пайдаланушы интерфейсі (L суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (8) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Күй көрсеткіштері
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (22) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
жасыл (2 - 5 жолақ) | Аккумулятор зарядталған | – |
сары (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған дерлік | Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
қызыл (1 жолақ) | Аккумулятор заряды таусылған | Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау |
Электр құралының күйі индикаторы (29) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Жасыл | OK күйі | – |
Сары | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
қызыл | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
қызыл | Қозғалтқыш бұғатталған, аккумулятор заряды тым төмен | Аккумуляторды зарядтау немесе ұсылынылатын аккумулятор түрін пайдалану |
Жалпы ақаулықтар |
Ақаулық сонда да жойылмаса:
| |
Қызыл түспен жыпылықтайды | Жылдам өшіру функциясы іске қосылды | Электр құралын өшіріп қайта қосу |
Көк түспен жыпылықтайды | Электр құралы Bluetooth® арқылы ақырғы мобильді құрылғымен байланыстырылған | – |
Смартфон белгісі (28) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Ақ | Маңызды ақпарат қолжетімді (мысалы, температура туралы ескерту) | Смартфондағы хабарды оқып шығу |
Жұмыс режимін таңдау
Жұмыс режимін таңдау түймесін (26) сізге қажетті жұмыс режимі пайда болғанша басыңыз.
Нұсқау: Favorite жұмыс режимінде смартфон қолданбасының функциялары конфигурацияланады, ал Auto және Soft жұмыс режимдерінде функциялар алдын ала реттеледі.
Жұмыс режимінің индикаторы (25) | Функциялар |
---|---|
Максималды қуат (27) белгісі жанып тұр | Auto жұмыс режимінде электр құралы максималды үдеу жылдамдығында максималды қуат деңгейіне жетеді. |
Смартфон қолданбасы арқылы айналу жиілігін конфигурациялау белгісі (23) жанып тұр | Favorite жұмыс режимінде электр құралының қуаты мен үдеу жылдамдығын смартфон қолданбасы арқылы жеке конфигурациялауға болады. |
Азайтылған қуат белгісі (24) жанып тұр | Soft жұмыс режимінде электр құралының қуаты мен үдеу жылдамдығы азайтылады. |