Қызмет көрсету және тазалау

Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.

Тегістеуден шыққан, басылған шаңда қылшақпен тазартыңыз.

Металл тақтаны алмастыру (B суретін қараңыз)

Металл тақта (11) киізге (12) бұрап орнатылады және оңтайлы ажарлау торын қамтамасыз етеді.

Металл тақта (11) пайдалану қарқындылығына байланысты тозуға ұшырайды. Металл тақтаны (11) алмастыру үшін ажарлағыш таспаны (2) алып тастаңыз. Металл тақтаны (11) бұрап шығарыңыз да, алмастырыңыз.

Ажарлағыш таспаны салғаннан кейін таспа жүрісін реттеп шығыңыз қараңыз Тегістеу таспасын алмастыру (A суретін қараңыз).

Көмір қылшақтарды алмастыру (C суретін қараңыз)

Көмір қылшақтардың ұзындығын әр 2–3 ай сайын тексеріп, қажет болса, көмір қылшақтарды алмастырыңыз.

Ешқашан бір көмір қылшақты ғана алмастырмаңыз!

Нұсқау: тек Bosch компаниясынан сатып алынған, өніміңізге арналған көмір қылшақтарды пайдаланыңыз.

  • Алдыңғы жақтағы қосымша қаптамадағы (13) бұранданы крест тәрізді бұрауышпен шығарып алыңыз. Қосымша қаптаманы алып тастаңыз.
  • Қаптамадағы (14) бұранданы крест тәрізді бұрауышпен шығарып алыңыз.
  • Серіппе қысымының астында тұрған көмір қылшақтарды (15) алмастырып, қаптамаларды қайтадан бұрап бекітіңіз.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:

  • Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;
  • Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
  • Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
  • Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.