Пайдалану нұсқаулары

Тегістеуде ажырату қуаты мен бет сапасы таңдалған тегістеу таспасына және алдын ала таңдалған жылдамдығына байланысты. Лентаның жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, алу соғұрлым жоғары және тегістеу беті соғұрлым жұқа болады.

Тек мінсіз тегістеу таспасымен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады.

Тегістеу таспасының пайдалану мерзімін ұзарту үшін кіші басу қуатымен жұмыс істеңіз. Электр құралдың салмағы жақсы тегістеу өнімділігі үшін жеткілікті. Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу таспасының тез тозуын тудырады.

Қосылған электр құралды өңделетін бетке қойыңыз. Орташа жылжытумен жұмыс істеп тегістеу әдісін тегістеу жолдарына параллельді және үстінен апарыңыз. Талшықтар бағытында тегістеңіз, бойлай өтетін тегістеу іздері тегістеу әсерін бұзады.

Әсіресе лак қалдықтарын тегістеу кезінде олар еріп, бұл жұмыс бетінің және тегістеу төсемінің бетінің бұлдырауына әкелуі мүмкін. Сол үшін шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.

Егер тегістеу төсемінің көмегімен металл өңделсе, оны басқа материалдар үшін пайдаланбау керек.

Тек түпнұсқа Bosch ажарлағыш керек-жарақтарын пайдаланыңыз.

Тегістеу төсемдерін тек ілулі күйде сақтаңыз және бүкпеңіз, өйткені бұлай істемесе олар жарамсыз болып қалады.

Тегістеу жақтауының (құрал) көмегімен ағаштың үлкен беттерін бүйірлік тегістеу кезінде біркелкі бөлінген алу жылдамдығы мүмкін болады.