Ақаулықтарды жою

Ақаулық

Шешім

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

  • Желілік кабельді, желілік ашаны, сақтандырғышты, розетканы және толтыру деңгейінің датчиктерін (35) тексеріңіз.

Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (5) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" режимінде тұр.

  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (5) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (3) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы өшеді.

  • Контейнерді (1) босатыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, 5 секунд өткеннен кейін қайта қосыңыз.
  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (35) және датчиктердің (35) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Сору саптамасын, сору құбырын (29), сорғыш шлангіні (21) немесе жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) жиналып қалған кірден тазартыңыз.
  • Қоқыс қабын (23) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз.
  • Сүзгі қаптамасын (34) дұрыс енгізіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (8) дұрыс орнатып, құлыптарын (9) жабыңыз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып тұр

  • Жалпақ қатпарлы сүзінің (24) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Жалпақ қатпарлы сүзгіні (24) алмастырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғал шаң сору) жұмыс істемей тұр.

  • Толтыру деңгейінің датчиктерін (35) және датчиктердің (35) бос орнын қылшақпен тазалаңыз.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Сүзгіні тазалау функциясы жұмыс істемейді.

  • SFC+ ажыратқышын (18) артқа (I күйіне) жылжытыңыз.