Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (I суретін қараңыз)
Сору қуаты жеткіліксіз болса, сүзгіні тазалау қажет.
Сүзгіні тазалау жиілігі шаң түрі мен көлеміне байланысты. Жүйелі түрде пайдаланылса, максималды қуат ұзақ сақталады.
Сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау (SFC+) кезінде шаң отырып, ауа ағыны ауысқандықтан, жалпақ қатпарлы сүзгінің панельдері тазаланады.
Беті ластанған қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп тазарту керек емес және мұндай әрекет нәтижесінде сүзгіге зақым тиюі мүмкін.
Нұсқау: сүзгіні жартылай автоматты түрде тазалау функциясы зауытта іске қосылады (SFC+ ажыратқышы (18) I күйінде).
- SFC+ сүзгіні тазалау функциясын іске қосу
Бүріккіш немесе сорғыш шланг саңылауын алақанмен жабыңыз.
немесе SFC+ модулі (20) орнатылған жағдайда:
Іске қосу түймесін (33) шамамен 10 секунд ішінде басыңыз. - SFC+ функциясын ажырату
SFC+ ажыратқышын (18) алға жылжытыңыз (0 күйі). - SFC+ функциясын іске қосу
SFC+ ажыратқышын (18) артқа жылжытыңыз (I күйі).