Пайдаланушы интерфейсі (B суретін қараңыз)
Пайдаланушы интерфейсі (7) электр құралының айналу жиілігін және жұмыс режимін алдын ала таңдау және күйін көрсету үшін пайдаланылады.
Күй көрсеткіштері
Электр құралының күй индикаторы (11) | Мағынасы/себебі | Шешімі |
---|---|---|
Жасыл | OK күйі | – |
Сары | Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік | Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау |
Қызыл түспен жанып тұр | Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған | Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау |
Көк түспен жыпылықтайды | Электр құралы ақырғы мобильді құрылғымен байланыста немесе реттеулер көшірілуде | – |