Пайдалану нұсқаулары

Айналу моменті қағу ұзақтығына байланысты болады. Максималды мақсатты айналу моменті барлық соққылар арқылы жеткен айналу моменттерінің қосындысынан шығады. Максималды айналу моментіне 6–10 секундтық қағу ұзақтығынан кейін қол жеткізіледі. Осы уақыттан кейін тарту моменті минималды шамаға ғана көтеріледі.
Қағу ұзақтығын әрбір талап етілген тарту моменті үшін есептеу керек. Дәл жеткен тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеріңіз.

Қатты, иілгіш немесе жұмсақ тіректі біріктірулер
Сынауда бір қағу әдісінде жетілген бұрау моменттері өлшеніп диаграммаға өткізілсе бұрау моменті әдісінің қисық сызығы пайда болады. Қисық сызық биіктігі максималды жетілетін бұрау моментіне сай, құламалығы жетілетін уақытты көрсетеді.

Бұрау моментінің әдісі төмендегі факторларға байланысты:

  • Бұранда/сомындардың қаттылығы
  • Тіректің түрі (шеңбер, дискілік серіппе, тығыздауыш)
  • Бұралатын материал қаттылығы
  • Бұрандалы қоспаның майланғаны

Сай ретте төмендегі пайдалану жағдайлары пайда болады:

  • Қатты тірек металдан металға біріктіруде төсемдік шеңберлерді пайдаланғанда пайда болады. Қысқа қағу уақытынан соң максималды бұрау моментіне жетіледі (құламалы сипаттамалы сызық). Керек болмаған ұзақ қағу уақыты машинаға зиян тигізеді.
  • Иілгіші тірек металдан металға біріктіруде, бірақ серіппелі шеңбер, дискілік серіппе, тіректі болт немесе конустық тіректік бұрандаларды / сомындарды және ұзартқыштарды пайдалануда пайда болады.
  • Жұмсақ тірек металды ағашқа біріктіруде немесе тірек ретінде қорғасынды немесе талшықты шеңберлерді пайдалануда пайда болады.

Иілгіш немесе жұмсақ тіректе максималды тарту бұрау моменті қатты тіректен төмен болады. және ұзақ қағу уақыты талап етіледі.

Бұрандалардың максималды тарту моменттері үшін мақсатты мәндер
Деректер Нм бойынша берілген, керілген көлденең қимадан есептелген; аққыштық шегінің қолданылуы 90 % (үйкелу коэффициенті µges = 0,12). Бақылау үшін тарту моментін әрдайым динамометрлік кілтпен тексеру қажет.

DIN EN ISO 898 бойынша қаттылық кластары

Стандартты бұрандалар

Берік бұрандалар

3.6

4.6

4.8/5.6

6.8

8.8

10.9

12.9

M16

57

76

96

153

206

302

354

M18

80

106

133

212

295

421

492

M20

112

150

187

300

415

592

692

M22

151

202

252

403

567

807

945

M24

193

257

322

515

714

1017

1190

M27

284

379

474

759

1050

1496

1750

M30

386

515

644

1031

1428

2033

2380

M33

523

697

871

1395

1928

2747

3214

Кеңестер

Үлкен шуруптарды қатты материалдарға бұрап бекіту алдында шуруптардың ұзындығының шамамен 2/3 ішкі ирек ойма диаметріне сәйкес келетін диаметрі бар тесікті алдын ала бұрғылау керек.

Ескертпе: электр құралына кішкентай металл бөлшектердің кіріп кетуіне жол бермеңіз.

Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу керек.

Сым қысқышы

Сым қысқышының (4) көмегімен электр құралын, мысалы, сатыға іліп қоюға болады.

Сым қысқышының бұрандасын шамамен 2,0–2,5 Нм тарту моментімен бұрап тарту қажет.