Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Шаңсоруды қосу

Шаңсорғыш тек ажарлау пластинасымен (15) жұмыс істеуге арналған, басқа алмалы-салмалы аспаптармен бірге пайдалануға болмайды.

Тегістеу үшін әрдайым шаңсоруды қосыңыз.

Шаңсорғышты монтаждау үшін алмалы-салмалы аспапты және тереңдік шектегішін (10) алып тастаңыз.

Шертпелі жалғағышы жоқ шаңсорғышты (13) немесе шертпелі жалғағышы бар шаңсорғышты (14) құрал бекіткіші (8) электр құралының қысқыш мойыншасына тірелгенше жылжытыңыз. Шаңсорғышты қажетті күйге бұраңыз (электр құралының тура астына емес). Қысқыш иінтіректі (17) шаңсорғышты бекіту үшін басыңыз.

Шаңсорғышты сорғыш шлангіге жалғаңыз:

  • Шертпелі жалғағышы жоқ шаңсорғыш (13): шаңсорғыштың сорғыш шлангісін (20) сору адаптеріне (19) енгізіп, бекітіңіз. Сору адаптерін (19) шаңсорғыштың (13) аспирациялық келте құбырына (18) жалғаңыз.
  • Шертпелі жалғағышы бар шаңсорғыш (14): шаңсорғыштың сорғыш шлангісін (20) шаңсорғыштың (14) аспирациялық келте құбырына (18) енгізіп, бекітіңіз.
    Болмаса, сору адаптерін (19) шаңсорғыштың (14) аспирациялық келте құбырына және сору адаптерінің (19) сорғыш шлангісіне (20) жалғауға болады.

Сорғыш шлангіні (20) шаңсорғышқа жалғаңыз.

Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.