Пайдалану түрлері
- Электр құралында барлық жұмыстардан алдын аккумуляторды шығарыңыз.
- Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы керек.
GKS 18V-68 GC
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған түйменің (22) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
GKS 18V-68 C
Кесік тереңдігін алдын ала таңдауға арналған иінтіректің (23) көмегімен кесік тереңдігін реттеуге болады.
Шағын кесік тереңдігі үшін араны тірек тақтасынан (13) ары тартыңыз, ал үлкен тереңдік үшін араны тірек тақтасына (13) қарай итеріңіз. Кесік тереңдігінің шкаласында (17) қажетті өлшемді орнатыңыз.
Электр құралды қорғағыш қаптаманың (16) бүйірлік бөлігіне қойыңыз.
GKS 18V-68 GC
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш иінтіректі (5) және құлақты бұранданы (15) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (7) орнатыңыз. Реттегіш иінтіректі (5) және құлақты бұранданы (15) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (17) көрсетілген саннан кем.
GKS 18V-68 C
Еңіс бұрышын алдын ала таңдауға арналған реттегіш иінтіректі (5) босатыңыз. Араны бүйірге қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (7) орнатыңыз. Реттегіш иінтіректі (5) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің шкаласында (17) көрсетілген саннан кем.
GKS 18V-68 GC
0° кесік белгісі (8) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара дискісінің позициясын көрсетеді. 45° кесік белгісі (9) 45° бұрышпен аралау кезіндегі ара дискісінің позициясын көрсетеді.
Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ кесік жасап көріңіз.
GKS 18V-68 C
0° кесік белгісі (9) тік бұрышпен аралау кезіндегі ара дискісінің позициясын көрсетеді. 45° кесік белгісі (8) 45° бұрышпен аралау кезіндегі ара дискісінің позициясын көрсетеді.
Дұрыс кесік жасау үшін дискілік араны суретте көрсетілгендей дайындамаға қаратып орнатыңыз. Сынақ кесік жасап көріңіз.