Пайдалануға ендіру

Электр құралын іске қосу үшін алдымен құлыптау пернесін (1) басып кейін қосқыш/өшіргішті (2) басып ұстап тұрыңыз.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (2) жіберіңіз.

Нұсқау: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті (2) құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған болуы қажет.

Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді қорғау (ECP) арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.

GKS 18V-68 GC

Электр құралы қуатты үнемдейтін Eco режимінде пайдаланылғанда, аккумуляторды зарядтау уақыты 30%-ға ұзаруы мүмкін.

Eco режимі белсенді болса, айналу жиілігінің деңгейі/режим индикаторында (37) E белгісі көрсетіледі.

GKS 18V-68 GC

Пайдаланушы интерфейсі (3) электр құралының айналу жиілігін алдын ала таңдау және күйін қарап шығу үшін пайдаланылады.

GKS 18V-68 GC

Негізгі реттеуде 6 айналу жиілігінің деңгейі және Eco режимі алдын ала орнатылған. Арнайы қолданба (Bosch Toolbox App) арқылы 2 - 6 айналу жиілігінің деңгейін бағдарламалауға болады.

Төмендегі кестеде деңгейлердің бағдарламаланған әр саны үшін алдын ала реттелген айналу жиілігінің мәндері (негізгі реттеулер) көрсетілген.

Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі

1

2

3

4

5

6

[мин–1]

[мин–1]

[мин–1]

[мин–1]

[мин–1]

[мин–1]

Айналу жиілігі деңгейлерінің саны

Eco

3630A)

2

2500

5000

3

2500

3800

5000

4

2500

3300

4200

5000

5

2500

3100

3800

4400

5000

6

2500

3000

3500

4000

4500

5000

A)

±25%

Айналу жиілігін алдын ала таңдау түймесімен (36) қажетті айналу жиілігін жұмыс істеген кезде де алдын ала таңдауға болады.

GKS 18V-68 GC

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (пайдаланушы интерфейсі) (34)

Мағынасы/себебі

Шешімі

жасыл (2 - 5 жолақ)

Аккумулятор зарядталған

сары (1 жолақ)

Аккумулятор заряды таусылған дерлік

Аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

қызыл (1 жолақ)

Аккумулятор заряды таусылған

Аккумуляторды алмастыру немесе зарядтау

Температура индикаторы (40)

Мағынасы/себебі

Шешімі

сары

Шектік температураға жетті (қозғалтқыш, электроника, аккумулятор)

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істетіп суыту

қызыл

Электр құралы қызып кетті және өшеді

Электр құралын суыту

Электр құралының күйі индикаторы (39)

Мағынасы/себебі

Шешімі

жасыл

OK күйі

сары

Шектік температураға жетті немесе аккумулятор заряды таусылған дерлік

Электр құралын бос жүріс күйінде жұмыс істету және суыту немесе аккумуляторды дереу алмастыру немесе зарядтау

қызыл

Электр құралы қызып кетті немесе аккумулятор заряды таусылған

Электр құралын суыту немесе аккумуляторды алмастыру/зарядтау

қызыл түспен жыпылықтайды

Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды

Электр құралын өшіріп қосу, қажет болса, аккумуляторды шығарып қайта орнату.

GKS 18V-68 GC

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:

  • Тіркеу және дербестеу
  • Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
  • Жалпы мәліметтер мен реттеулер
  • Басқару
  • Айналу жиілігінің деңгейлерін реттеу

Bluetooth® сымсыз технологиясының көмегімен қосылған ақырғы мобильді құрылғы жағдайында электр құралының күйі индикаторына (39) байланысты қосымша ақпарат қолжетімді болуы мүмкін.

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.

GKS 18V-68 C

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 модулімен бірге электр құралы үшін төмендегі өзара байланыс функциялары қолжетімді болады:

  • Тіркеу және дербестеу
  • Күйін тексеру, ескерту хабарларын шығару
  • Жалпы мәліметтер
  • Басқару

Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 туралы ақпаратты жинақтағы пайдалану бойынша нұсқаулықтан қараңыз.