Дайындама таянышын дайындау
Ұзын дайындамаларды еркін ұшынан орналастырып тіреу керек.
Ұзындығы бірдей дайындамаларды оңай аралау үшін ұзындық шектегішін (8) пайдалануға болады.
- Ұзындық шектегішін (8) тірелгенше жоғары қарай тартыңыз.
- Дайындама тіреуішін (1)электр құралының ара төсеміне дейінгі қажетті арақашықтықта орналастырыңыз.
- Ұзындық шектегішін (8) кіргізу үшін ұзындық шектегішін ішке төңкеріп, толықтай төмен басыңыз.
Жұмыс үстелін екі жағынан да ұзартуға болады.
- Жұмыс үстелін ұзын және ауыр дайындамаларды өңдеу кезінде тұрақтандыру үшін үстел ұзартқышын (2) аяқтың (13) көмегімен тіреуге болады.
- Ұзын дайындаманы электр құралының аралау үстеліне қойыңыз.
- Қажет болса, жарамды бекіткіш тетікті (3) босатыңыз және үстел ұзартқышын (2) қажетті арақашықтыққа дейін сыртқа тартыңыз.
- Бұл бекіткіш тетікті қайтадан тартыңыз.