Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құрал қозғалмайтын тіректе бойлай және көлденеңінен, ағашты кесудің түзу бағытымен жұмыс істеуге арналған. Осылайша –52° және +60° аралығындағы көлденең еңіс бұрыштарын және 47° (сол жақ) және 47° (оң жақ) аралығындағы тік еңіс бұрыштары мүмкін болады.
Электр құралының қуаты қатты және жұмсақ ағашты және ағаш-жоңқалы плита мен ағаш-талшықты плиталарға арналған.
Тиісті ара дискілерін пайдаланған кезде алюминий профильдері мен пластикті аралауға болады.
Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 пайдаланылған кезде Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады.