Батареялармен пайдалану
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батареялар батарея адаптеріне салынады.
- Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (14) аккумулятор бөлімшесіне (15) жылжытыңыз. Батареяларды жабу қақпағындағы (11) суретте көрсетілгендей қапқа салыңыз. Жабу қақпағын қап үстінен сезілетін ретте тірелгенше жылжытыңыз.
Батареяларды (13) шығару үшін жапқыштың (11) құлыптан босату түймелерін (12) басып, жапқышты тартып алыңыз. Батареяларды шығарып алыңыз. Іштегі қапты (14) аккумулятор бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз да, бүйірлік қабырғасын азғантай басу арқылы өлшеу құралынан тартып шығарыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.