Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
- Өлшеу құралын қосудан алдын сенсор аймағының (17) ылғал болмауына көз жеткізіңіз. Қажет болса, өлшеу құралын шүберекпен құрғатып сүртіңіз.
- Егер өлшеу құралы қатты температура өзгерісінде болса оны қосудан алдын температурасын теңестіріңіз.
Өлшеу құралын қосу үшін қосу/өшіру түймесін (7) басыңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралындағы ешбір түйме басылмаса және ешқандай нысан анықталмаса, өлшеу құралы автоматты түрде өшіріледі.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (6) дыбыстық сигналды қосып өшіруге мүмкіндік береді. Дыбыстық сигнал өшіп тұрғанда, дисплейде Дыбыстық сигналдың күй индикаторы (c) пайда болады.