Қуатпен жабдықтау

Тексеру камерасын Bosch литий-иондық аккумуляторымен, стандартты батареялармен немесе стандартты NiMH аккумуляторларымен пайдалануға болады.

Дисплейдегі заряд деңгейінің индикаторы (c) литий-иондық аккумулятордың, батареялардың немесе NiMH аккумуляторларының заряд деңгейін көрсетеді.

Батареялар немесе NiMH аккумуляторлары батарея адаптеріне салынады.

  • Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камераларында пайдалануға арналған және оны электр құралдарымен бірге пайдалануға болмайды.

Батареяларды немесе аккумуляторларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (20) науаға (19) кіргізіңіз. Батареяларды немесе аккумуляторларды, жапқыштағы (22) суретте көрсетілгендей, қап ішіне салыңыз. Жапқышты, ол сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, қап үстіне жылжытыңыз.

Батареяларды немесе аккумуляторларды шығару үшін жапқыштың (22) босату түймелерін (21) басып, жапқышты тартып шығарыңыз. Ішінде жатқан қапты (20) науадан (19) тартып шығарыңыз.

Барлық батареялар немесе аккумуляторларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өңдірушінің және қуаты бірдей батареялар немесе аккумуляторларды пайдаланыңыз.

  • Тексеру камерасын ұзақ уақыт пайдаланбайтын жағдайда ішінен батареяларды немесе аккумуляторларды шығарып алыңыз. Тексеру камерасында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды немесе аккумуляторларды тот басуы мүмкін.

  • Тек техникалық мәліметтерде келтірілген зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтағыш құрылғылар тексеру камераңызда қолданылатын литий-иондық аккумуляторлармен үйлеседі.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядталған аккумуляторды (14) енгізу үшін оны, ол сезілетіндей тіреліп, тексеру камерасының тұтқасымен жанасқанша, науаға (19) кіргізіңіз.

Аккумуляторды (14) шығару үшін босату түймелерін (21) басып, аккумуляторды науадан (19) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.

Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.

Аккумуляторды тек –20 °C ... 50 °C температура ауқымында сақтаңыз. Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.

Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.

Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.