Жазбаларды сақтау/тасымалдау 

Суретке түсіру

Ағымдағы дисплей индикаторын суретке түсіру үшін суретке түсіру түймесін (12) басыңыз. Фотосуреттер тексеру камерасының ішкі жадында сақталады және оларды USB Type‑C® арқылы тасымалдауға болады.

Деректерді USB Type-C® интерфейсі арқылы тасымалдау

Деректерді USB Type-C® арқылы тасымалдау үшін тексеру камерасын қосыңыз. USB Type-C® ұясының (17) қақпағын ашыңыз. USB Type-C® ұясын USB Type-C® кабелі (18) арқылы дербес компьютерге жалғаңыз.

Дербес компьютеріңізде файл браузерін ашып, диск жетегін Bosch_GIC таңдаңыз. Сақталған файлдарды тексеру камерасының ішкі жадынан көшіруге, дербес компьютеріңізге жылжытуға немесе жоюға болады.

Қажетті әрекетті аяқтағаннан кейін диск жетегін әдеттегідей ажыратыңыз.

Нұсқау: әрдайым алдымен диск жетегін дербес компьютердің операциялық жүйесінен ажыратыңыз (диск жетегін шығару), әйтпесе тексеру камерасының ішкі жады зақымдалуы мүмкін.

USB Type-C® кабелін шығарып алыңыз (тексеру камерасы автоматты түрде өшіп қалады). Шаңнан және шашыранды судан қорғау үшін жоғарғы қаптаманы (16) жабыңыз.

Нұсқау: тексеру камерасын USB Type-C® интерфейсі арқылы тек дербес компьютерге жалғаңыз. Басқа құрылғыларға жалғаған жағдайда, тексеру камерасы зақымдалуы мүмкін.

Нұсқау: USB Type-C® интерфейсі тек деректерді тасымалдау үшін қолданылады, оның көмегімен аккумуляторларды немесе басқа құрылғыларды зарядтау мүмкін емес.