Батареялармен (керек-жарақ) пайдалану
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батареяларды батарея адаптеріне (9) енгізіңіз. Батарея адаптерінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстердің дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
Батарея адаптерін (9) өлшеу құралына салып, айналмалы жапқышты (6), көздер батарея адаптеріне тіркелетіндей бұраңыз.
Батарея адаптерін (9) шығарып алу үшін айналмалы жапқыштың (6) көздерін ашып, 90°-қа бұраңыз. Батарея адаптерін өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
- Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзақ уақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.