Айналу жиілігін алдын ала таңдау

Пайдаланушы интерфейсін (6) белсендіру үшін режим түймесін (12) басыңыз.

Режим түймесі (12) арқылы қажетті айналу жиілігін 3 деңгейде алдын ала таңдауға болады. Режим түймесін (12), айналу жиілігінің индикаторында (10) қажетті реттеу көрсетілгенше басыңыз. Таңдалған реттеу сақталады.

Қажетті айналу жиілігін материалмен жұмыс істеу жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Төмендегі кестеде ұсынылған мәндер берілген.

Деңгей бойынша айналу жиілігінің негізгі реттеуі

1

2

3

[мин-1]

[мин-1]

[мин-1]

Айналу жиілігі деңгейлерінің саны

3

1200

1700

2300

Режим түймесінің (12) көмегімен қажетті айналу жиілігін жұмыс барысында да алдын ала таңдауға болады.