Басты тұтқаны бұрау
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
- Ажыратқыш (3) өшірулі күйде болуы керек.
Басты тұтқаны (36) қозғалтқыш корпусына 90° шамасына солға немесе оңға бұрауға болады. Осылайша ажыратқышты жұмысқа ыңғайлы күйге орнатуға болады, мысалы, кесу жұмыстары үшін бағыттауыштары бар сорғыш қаптамамен (21)/(35) немесе солақайлар үшін.
Тұтқа ысырмасын (37) басып, басты тұтқаны (36) құлыптан босатыңыз және дәл сол уақытта басты тұтқаны (36) қалаулы күйге тірелгенше бұраңыз.