Пайдалануға ендіру
- Шаңсорғышты сүзгісі пайдалануға болмайды.
- Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз.
- Сорудан алдын сүзгі қатты орнатылғанын тексеріңіз.
- Сорудан алдын аккумуляторлық бөлімше қақпағы қатты жабылғанын қамтамасыз етіңіз.
- Еліңізде денсаулыққа зиянды шаңдар бойынша қолданылатын ереже/заңдар туралы мәлімет алыңыз.
- Инертті шаңды заңды шектік мәндерге қол жеткізілмегені көрсетілген электр құралы мен сорғыш жүйеден тұратын шынайы белгіленген тіркесімдердің көмегімен ғана сорыңыз. Дәлелдемелерді мына мекенжай бойынша қараңыз: http://www.bosch-professional.com/dust.
Шаңсорғышты ешқашан жарылу қаупі бар бөлмелерде пайдаланбаңыз.
Оңтайлы сору қуатын қамтамасыз ету үшін сорғыш шлангіні (13) әрдайым сорғыш шланг ұстағышынан (27) толығымен жазыңыз.
Қосу/өшіру
Сорғышты қосу үшін қосу/өшіру түймесін (3) басыңыз.
Сорғышты өшіру үшін қосу/өшіру түймесін (3) қайтадан басыңыз.
Қауіпсіздік тұрғысынан сорғыш қосу/өшіру түймесі (3) 5 секундтан ұзақ басылғанда қосылмайды.