Аккумуляторды орнату және шығару
(A1−A2 суреттерін қараңыз)
- Аккумуляторды енгізу барысында күш салмай әрекеттеніңіз. Аккумулятор электр құралға тек дұрыс күйде енгізіле алынатындай қылып құрастырылған.
- Жақсы және сенімді істеу үшін аккумулятор бөлімшесі мен шахтасын әрдайым таза және құрғақ ұстаңыз.
- Босату түймесін (11) басып, аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) ашыңыз.
- Аккумуляторды (20) аккумулятор науасына (19) шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
- Аккумуляторды (20) шығарып алу үшін аккумулятордағы босату түймесін (21) басып, аккумуляторды науасынан (19) тартып шығарыңыз.
- Аккумулятор бөлімінің қақпағын (12) жауып қойыңыз.