Бұрғылау патронын алмастыру
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару
GBH 2-25 / GBH 2-26
SDS plus жоқ құралдармен (мысалы, цилиндрлік білігі бар бұрғылар) жұмыс істеу үшін тиісті бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тоғыны бар немесе жылдам қысқыш бұрғылау патроны, керек-жарақтар).
Аустырмалы бұрғылау патронын шығару/орнату
GBH 2-25 F / GBH 2-26 F
Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығару (C суретін қараңыз)
- Ауыстырмалы бұрғылау патронының құлыптау сақинасын (6) артқа тартып, оны осы күйде ұстап тұрыңыз және SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алға тартып шығарыңыз.
- Ауыстырмалы бұрғылау патронын шығарғаннан кейін кірден тазалап шығыңыз.
Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнату (D суретін қараңыз)
- Ауыстырмалы бұрғылау патронын орнатудан бұрын тазалап, салынатын ұшын аздап майлаңыз.
- SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) немесе ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алақанмен ұстаңыз. Ауыстырмалы бұрғылау патронын, шерту дыбысы анық естілгенше, бұрғылау патронының бекіткішіне (19) бұрап кіргізіңіз.
- Ауыстырмалы бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Ауыстырмалы бұрғылау патронының бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.