Іске қосу
- Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет.
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) пайдаланыңыз.
- Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (8) басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі мүмкін.
![](../Images/png/18014399658895627__Web.png)
Бетон немесе тас бойынша соққымен бұрғылау күйі
![](../Images/png/18014399659065355__Web.png)
Ағаш, металл, керамика және пластмасса бойынша соққысыз бұрғылау және бұрау күйі
![](../Images/png/18014399659070347__Web.png)
Қашау күйін реттеуге арналған Vario-Lock күйі
Бұл күйде соққыны/айналуды тоқтату қосқышы (9) бекітілмейді.
![](../Images/png/18014399659073931__Web.png)
Қашау күйі
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (13) көмегімен электр құралының айналу бағытын өзгертуге болады. Алайда ажыратқыш (7) басылғанда осы әрекетті орындау мүмкін емес.
- Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (13) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Соққымен бұрғылау, бұрғылау және қашау үшін айналу бағытын әрдайым оңға айналу күйіне реттеңіз.
| |
|
Қашауды 36 күйде бұғаттауға болады. Осылайша оңтайлы жұмыс күйіне қол жеткізуге болады.
- Қашауды құрал бекіткішіне орнатыңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Vario-Lock" күйіне бұраңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты қажетті қашау күйіне бұраңыз.
- Соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (9) "Қашау" күйіне бұраңыз. Осылайша құрал бекіткіші бұғатталады.
- Қашау үшін айналу бағытын оңға айналу күйіне орнатыңыз.