Қосымша тұтқа
- Электр құралын тек қосымша тұтқамен (4) бірге пайдаланыңыз.
Қосымша тұтқаны (4) кез келген бағытпен қайырып, қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне реттеуге болады.
- Кедір-бұдырланған гайканы (5) босатып, қосымша тұтқаны (4) қажетті күйге бұраңыз да, кедір-бұдырланған гайканы (5) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Қосымша тұтқаны (4) қайта орнатуға болады.
- Ол үшін кедір-бұдырланған гайканы (5) толық бұрап шығарып, сонан соң алты қырлы бұранданы жоғары қарай тартып шығарыңыз.
- Қосымша тұтқаны (4) бүйірге бұрап шығарып, қалған қысқыш бөлігін 180° шамасына бұраңыз.
- Қосымша тұтқаны (4) кері реттілік бойынша орнатыңыз.