Металл кескіш араларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Жұмыс құралы айналымдарының ұйғарынды саны электр·құралында·көрсетілген максималды айналымдар санына ·тең·болуы·керек. Есептелген жылдамдығынан тезірек істеп тұрған керек-жарақтар сынуы, ұшып кетуі мүмкін.
- Пайдаланатын жұмыс құралының сыртқы·диаметрі мен·қалыңдығы электр·құралының·өлшемдеріне сай·болуы·керек. Дұрыс таңдалмаған керек – жарақтар дұрыс·қорғалмауы жəне·бақылаудан шығуы мүмкін.
- Жеке·қорғаныс құралдарын (қауіпсіздік көзілдірігін, қорғаныс қалқаны, бас киім және т.б.) пайдаланыңыз. Пайдалануға байланысты қорғағыш масканы, қауіпсіздік көзілдіріктерін қолданыңыз. Керек болғанда, шаң маскасын, құлақ қорғағыштарын, қолғап және кіші абразивті бөлшектерді немесе дайындама бөлшектерін ұстай алатын шеберхана алжапқышын пайдаланыңыз. Түрлі·жұмыстар барысында пайда болатын ұшатын·бөтен бөлшектерден·қорғайтын қауіпсіздік көзілдірігін пайдаланыңыз. Шаң маскасы немесе респиратор ұсақ бөлшектерден, шаңнан қорғауы керек. Ұзақ шулар есту·қабілетін жоғалтуға әкелуі мүмкін.
- Басқа адамдардың жұмыс аймағынан қауіпсіз арақашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс аймағына кіретін әрбір адам жеке қорғаныс жабдығын киіп жүруі қажет. Дайындаманың немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптың сынықтары лақтырылып, тікелей жұмыс аймағынан тыс жерге де зақым келтіруі мүмкін.
- Жалғағыш сымды айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптардан алшақ ұстаңыз. Құрылғыны бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жалғағыш сым кесіліп немесе ілініп, алақаныңыз немесе қолыңыз айналып тұрған алмалы-салмалы аспапқа түсіп қалуы мүмкін.
- Электр·құралының·желдету·саңылауларын жиі тазартыңыз. Қозғалтқыш·желдеткіші·корпус·ішіне·шаң тартып,·метал ұнтағының жиналуы·электр·тогымен жарақаттану қауіпін тудыруы мүмкін.
- Электр құралын жанатын материалдарға жақын пайдаланбаңыз. Электр·құралын·ағаш·сияқты·тез тұтанатын бетте·орнатқанда·пайдаланбаңыз. Ұшқындар·осы·материалдарды тұтандыруы мүмкін.
- Суытқыш сұйықтықты қажет ететін жұмыс құралын ·пайдаланбаңыз. Су·немесе·басқа·да суытқыш сұйықтықты пайдалану электр·тоғының·соғуына·алып·келуі·мүмкін.
- Әрдайым сіз таңдаған ара дискісі үшін өлшемі мен пішіні жарамды, зақымдалмаған қысқыш фланецтерді пайдаланыңыз. Жарамды фланецтер ара дискісін тіреп, оның сынып қалу мүмкіндігін төмендетеді.
- Ара дискілері мен фланецтер электр құралының шпинделімен толықтай үйлесімді болуы тиіс. Электр құралының шпинделімен үйлесімді емес алмалы-салмалы аспаптар біркелкі емес айналады, қатты дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін.
- Зақымдалған ара дискілерін пайдаланбаңыз. Әр пайдаланудан бұрын ара дискілерінде сынықтар мен жарықтардың бар-жоғын тексеріңіз. Электр құралын немесе ара дискісін түсіріп алсаңыз, оның зақымдалған-зақымдалмағанын тексеріп шығыңыз немесе зақымдалмаған ара дискісін пайдаланыңыз. Ара дискісін тексеріп орнатқаннан кейін, өзіңіз бен айналадағы адамдарды айналатын ара дискісінің жазықтығынан шығарып, электр құралын бір минут ішінде ең жоғары айналу жиілігімен жұмыс істетіңіз. Зақымдалған ара дискілері көбінесе осы сынақты өткізу кезінде анықталады.
Кері соққы және тиісті·ескерту нұсқамалары
Кері соққы ілініп қалған немесе бұғатталып айналған ара дискісінен пайда болатын кенет реакция болып табылады. Ілініп қалу немесе бұғатталу айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптың кенет тоқтап қалуына әкеледі. Нәтижесінде бақыланбайтын абразивті кескіш агрегат пайдаланушыға қарай жоғары үдейді.
Ара дискісі дайындамада тұрып қалса немесе бұғатталса, дайындамаға батып қалған ара дискісінің жиегі қысылып қалуы және нәтижесінде ара дискісінің дайындамадан ыршуына немесе кері соққыға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда да ара дискілері сынуы мүмкін.
Кері соққы электр құралын дұрыс пайдаланбаудан немесе пайдаланушының қателігінен пайда болады. Мұны төменде сипатталғандай тиісті сақтық шараларын қолдану арқылы болдырмауға болады.
- Электр·құралын·мықтап ұстаңыз, денеңіз·бен·қолыңыз кері соққыға қарсылық·көрсете·алатын·күйде·ұстаңыз.·. Сақтық шаралары сақталатын болса, пайдаланушы·жоғары·бағытталған кері соққыны бақылауына ала алады.
- Айналып тұрған ара дискісінің алдындағы және артындағы аймаққа жақындамаңыз. Кері соққы орын алған жағдайда, абразивті кескіш агрегат пайдаланушыға қарай жоғары қозғалады.
- Шынжырлы немесе ағаш жоңқасына арналған дискіні және саңылау ені 10 мм шамасынан артық болған сегменттерге бөлінген алмасты дискіні пайдаланбаңыз. Мұндай алмалы-салмалы аспаптар жиі кері соққыны тудырады немесе электр құралын бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.
- Ара дискісінің бұғатталуын немесе артық басу қысымын болдырмаңыз. Тым терең кесіктер жасамаңыз. Ара дискісіне артық жүктеме түсіру оның еңкеюіне және бұғатталуына әкеледі және осылайша кері соққының немесе ара дискісінің сыну мүмкіндігін арттырады.
- Егер ара дискісі қысылып қалса немесе жұмыста үзіліс жасасаңыз, электр құралын өшіріп, ара дискісі тоқтағанша абразивті кескіш агрегатты қозғалыссыз ұстаңыз. Еш жағдайда әлі айналып жатқан ара дискісін кесілген жерден шығаруға әрекеттенбеңіз, әйтпесе кері соққы пайда болуы мүмкін. Қысылу себебін анықтаңыз және жойыңыз.
- Электр құралы әлі дайындамада болған кезде, оны қайтадан іске қоспаңыз. Кесуді жалғастырмай тұрып, ара дискісіне толық айналу жиілігіне жетуге мүмкіндік беріңіз. Кері жағдайда ара дискісі тұрып қалуы, дайындамадан ыршуы және кері соққыға әкелуі мүмкін.
- Ара дискісінің қысылып қалуынан кері соққы қаупін барынша азайту үшін үлкен дайындамаларды тіреңіз. Үлкен дайындамалар өз салмағынан майысуы мүмкін. Дайындаманы ара дискісінің екі жағынан, кесік сызығының жанында да, жиекте де тіреу керек.
- Дайындаманы ұстау үшін мүмкін болса қысқыштарды пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен ұстасаңыз, қолыңызды ара дискісінен кемінде 100 мм қашықтықта ұстаңыз. Қысу үшін немесе қолмен ұстау үшін тым кіші бөлшектерді кесу үшін бұл араны пайдаланбаңыз. Егер қолыңыз ара дискісіне тым жақын болса, дискіге тиюден шығатын ұшқындардан жарақаттану қауіпі жоғары болады.
- Дайындама тұрақты болып тіреуіш пен үстелге қысылуы немесе тірелуі керек. Дайындаманы дискіге жылжытпаңыз немесе қолмен апармаңыз. Қысылмаған немесе жылжымалы дайындамалар жоғары жылдамдықта лақтырылып жарақаттауы мүмкін.
- Араны дайындамаға басыңыз. Араны дайындамадан тартпаңыз. Кесік істеу үшін ара басын көтеріп, дайындама жоғарысынан кеспей өткізіңіз, қозғалтқышты іске қосыңыз, ара басын төмен басып, араны дайындамаға басыңыз. Тартып аралау ара дискісін дайындама үстіне шығарып, дискіні операторға қарай лақтыруы мүмкін.
- Қолыңызды ешқашан ара дискісінің алдында немесе артында кесу сызығына қоймаңыз. Басқа қолмен дайындаманы ұстау, мысалы, дайындаманы ара дискісінің оң жағында сол қолмен ұстау немесе терісі өте қауіпті.
- Ара дискісі айналып тұрған кезде, бекіткіш астына қол сұқпаңыз. Қол мен айналып тұрған ара дискісінің арасындағы 100 мм шамасындағы қауіпсіз арақашықтықтан асырмаңыз (ара дискісінің екі жағына да қолданылады). Айналып жатқан ара дискісінің қолыңызға дейінгі арақашықтығы анықталмауы және сіз ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.
- Кесуден алдын дайындаманы тексеріңіз. Егер дайындама қисайтылған немесе деформацияланған болса, оны сыртқы қисайтылған жағымен тіреуішке қысыңыз. Әрдайым кесік бойы дайындама, тіреуіш және үстел арасында аралық болмауына көз жеткізіңіз. Бұрылған немесе қисайған дайындамалар ширап, жылжып не айналып тұрған ара дискісін қысып қалуы мүмкін. Дайындамада шеге немесе басқа бөгде денелер болмауы тис.
- Электр құралын үстелде басқа құралдар болмағанда ғана пайдаланыңыз; үстел үстінде тек дайындама болуы тиіс. Айналып тұрған ара дискімен жанасатын шағын қалдықтар немесе басқа заттар жоғары жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
- Бір уақытта тек бір ғана дайындаманы аралаңыз. Жинап қойылған бірнеше дайындамалар дұрыс қысылмай не бекітілмей аралау кезінде дискіні қысуы немесе жылжуы мүмкін.
- Сондықтан электр құралын пайдаланбас бұрын тегіс әрі берік жұмыс бетіне қойыңыз. Тегіс әрі берік жұмыс беті электр құралының тұрақсыз болуына жол бермейді.
- Жұмысыңызды жоспарлаңыз. Еңіс немесе көлбеу бұрышының параметрін өзгерткеніңізде, реттелетін тіреуіш дайындаманы ұстауға дұрыс реттелгенін және дискіні немесе қорғау жүйесіне тимеуіне көз жеткізіңіз. Аспапты “ҚОСУ”дан алдын және үстелде дайындама болмағанда ара дискісін бүтін симуляциялық кесіктен өткізіп, кедергі болмауына және тіреуіш кесілмеуіне көз жеткізіңіз.
- Үстелдің жоғарғы жағынан кең немесе ұзын болған дайындамалар үшін, мысалы, үстел ұзартқыштары немесе таяныштар арқылы өлшенген тіректерді қамтамасыз етіңіз. Электр құралының үстелінен ұзын немесе кең болған дайындамалар берік тірелмеген жағдайда аударылып кетуі мүмкін. Кесілген металл бөлігі немесе дайындама аударылған жағдайда, астыңғы қорғаныш қаптама көтерілуі немесе айналып тұрған дискіден бақылаусыз лақтырылуы мүмкін.
- Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған дискіге жақындатуы мүмкін.
- Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін.
- Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі тістеп дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы мүмкін.
- Дайындамаға тиюден алдын дискі толық жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама лақтырылу қауіпін кемітеді.
- Дайындама қысылып қалған немесе диск бұғатталған жағдайда, электр құралын өшіріңіз. Барлық жылжымалы бөліктер тоқтап қалғанша күтіңіз, желілік ашаны суырып алыңыз және/немесе аккумуляторды шығарыңыз. Содан кейін қысылып қалған материалды алып тастаңыз. Мұндай бұғатталған затты ажырату әрекетін жалғастырғанда, бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз немесе электр құралына зақым келтіруіңіз мүмкін.
- Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті.
- Толық емес кесікті орындағанда немесе өшіргішті жібергенде тұтқаны ара басы толығымен төменгі күйге түскенше қатты ұстаңыз . Араның тоқтау әрекеті ара басын кездейсоқ төменгі тартып жарақаттану қауіпіне алып келуі мүмкін.
- Электр құралы жұмыс істеп тұрғанда кесу қалдықтарын және т.б. кесу аймағынан шығармаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен қозғалыссыз күйге келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
- Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз. Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Жұмыс орнын таза ұстаңыз. Материал қоспалары өте қауіпті. Жеңіл метал шаңы жанып жарылуы мүмкін.
- Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау дискілері оңай сынуы мүмкін.
- Кабельді жүйелі түрде тексеріп зақымдалған кабельді тек Bosch электр құралыдарыңың өкілетті сервистік қызметыне жөндетіңіз. Зақымдалған ұзартқыш кабелін алмастырыңыз. Сол арқылы электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.
- Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске, тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
- Ілдірік тесіктері дұрыс пішімде (ромб) және өлшемде болатын жүздерді пайдаланыңыз. Араның орнату құралдарына сай болмаған жүздер теңерімде болмай, бақылау жоғалтуына алып келеді.
- Қорғағыш қаптаманың дұрыс істеп, бос жылжуын қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан ашық жағдайында қыспаңыз.
- Еденді металл жоңқасы мен материал қалдығынан таза ұстаңыз. Сырғанап кетуіңіз немесе сүрініп қалуыңыз мүмкін.
- Электр құралын жұмыс аймағында өңделетін дайындамаға дейін реттегіш құралдар, металл жоңқасы және т.б. болмағанда ғана пайдаланыңыз. Айналып тұрған ара дискісімен жанасатын металл бөліктері немесе басқа бөгде заттар пайдаланушыға жоғары жылдамдықпен тиюі мүмкін.
- Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
- Ара дискісін тек қосулы күйінде дайындамаға апарыңыз. Әйтпесе ара дискісі дайындамаға ілініп, кері соққы қаупі туындайды.
- Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
- Электр құралын тек құрғақ кесіктер үшін пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қауіпін арттырады.
- Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін болсын.
- Электр құралы лазер ескерту белгісімен бірге жеткізіледі ("Белгілер және олардың мағанасы" кестесін қараңыз).
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. |
- Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. Осы пайдалану нұсқаулығында сипатталған реттеу мүмкіндіктерін қауіпсіз пайдалану мүмкін.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
- Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
- Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
- Орнатылған лазерді басқа түрдегі лазерге алмастырмаңыз. Осы электр құралына сай болмаған лазер адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.