Құрғақ сору
Жиналған шаңды сору
Сорғышты қосу үшін басты ажыратқышты (2) 1 позициясына бұраңыз.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты (2) 0 позициясына бұраңыз.
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору (L суретін қараңыз)
- Ауа бөлмеге қайтып оралса, бөлмеде жеткілікті ауа алмасу дәрежесі болуы керек. Тиісті заңдарға назар аударыңыз.
Сорғышқа электр құралдарына арналған розетка (4) кіріктірілген. Бұл розеткаға сыртқы электр құралын жалғауға болады. Жалғанған электр құралының максималды рұқсат етілген қосылым қуатына назар аударыңыз.
Құрама сору адаптерін (23) монтаждау (B суретін қараңыз).
Құрама сору адаптерін (23) электр құралының сору келте құбырына жалғаңыз.
Сорғыштың аавтоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысын қосу үшін басты ажыратқышты (2) 1+ позициясына бұраңыз.
Сорғышты қолданысқа енгізу үшін розеткаға (4) жалғанған электр құралын қосыңыз. Сорғыш автоматты түрде іске қосылады.
Соруды тоқтату үшін электр құралын өшіріңіз.
Автоматты түрде іске қосу/тоқтату құрылғысы сорғыш шлангіде қалған шаңды сорып шығару үшін ең көбі 15 секунд қосымша жұмыс істейді.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты (2) 0 позициясына бұраңыз.
Сорып шығару жүйесін (керек-жарақ) пайдалану
Сорып шығару жүйесін сорғыш шлангіге (27) жалғаңыз.
Шаңды сорып шығару жүйесінен сору үшін басты ажыратқышты (2) 1 позициясына бұраңыз.
Сорып шығару жүйесін қабырғада ұстап тұрып, электр құралын қосыңыз. Пайда болатын кері қысым арқылы сорып шығару жүйесі өз бетінше жабысады.
Электр құралын өшіріп, сорып шығару жүйесін абайлап қабырғадан алыңыз.
Сорғышты өшіру үшін басты ажыратқышты (2) 0 позициясына бұраңыз.