Техникалық қызмет көрсету және тазалау
- Құрылғыны реттеу, жабдық бөлшектерін алмастыру немесе шаңсорғышты алып қоюдан алдын айырды розеткадан шығарыңыз. Осы сақтық шарасы шаңсорғыштың байқаусыз қосылуына жол бермейді.
- Дұрыс және сенімді істеуі үшін шаңсорғыш пен желдеткіш саңылауларын таза ұстаңыз.
- Шаңсорғышты күту немесе тазалауда шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Пайдаланушы техникалық қызмет көрсетуі үшін, сорғышты бөлшектеу, тазалау және оған мүмкіндігінше қызмет көрсету керек, тек осы жағдайда қызмет көрсетуші мамандар мен басқа тұлғаларға қауіп төнбейді. Ықтимал тәуекелдерге жол бермеу үшін сорғышты бөлшектеу алдында тазалау керек. Сорғышты бөлшектеу жұмысы өткізілетін бөлме жақсы желдетілуі керек. Техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс жабдығын киіңіз. Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету аймағын тазалау керек.
Жылына кем дегенде бір рет өндіруші немесе тапсырыс алған тұлға сүзгінің зақымдалуы, сорғыштың саңылаусыздығы және бақылау құрылғысының жұмысы сияқты шаңға қатысты тексеру жұмыстарын орындауы қажет.
Кір айналада тұрған L класындағы сорғыштардың сырты және барлық агрегат бөліктерін тазалау және герметикпен өңдеу қажет. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде тазаланбайтын бөліктерді алып тастау керек. Бұл бөліктерді өткізбейтін қаптарда қалдықтарды жою бойынша қолданылатын заңдарға сай тастау керек.
- Сорғыштың корпусын мезгіл-мезгіл дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
- Сүзгі қаптамасын ашу кезінде жапқыш ысырмасынан ұстап алыңыз және ашық сүзгі қаптамасының тік күйде бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Сүзгі қаптамасы құлаған жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды.
Сору қуаты сүзгі күйіне байланысты болады. Сондықтан сүзгіні жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
Зақымдалған жалпақ қатпарлы сүзгіні (31) дереу алмастырыңыз.
- Жапқыш ысырманы (24) тартып, сүзгі қақпағын (40) тік күйде тірелгенше жоғары қайырыңыз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні (31) қалқасынан ұстап, жоғары қарай шығарып алыңыз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні (31) шығару кезінде түсетін шаң мен кірді ылғалды шүберекпен контейнердің (1) жиегінен кетіріңіз.
- Жалпақ қатпарлы сүзгіні ағынды су астында шаюға болады.
- Жаңа немесе тазаланған жалпақ қатпарлы сүзгіні (31) салып, оның берік және дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Сүзгі қақпағын (40) шерту дыбысымен тірелгенше жабыңыз.
- Алдын ала тазарту сүзгісін тазалауға болмайды.
- Алдын ала тазарту сүзгісінің қақпағын босату үшін бағыттауыш қапсырма мен сорғыш арасына үстінен қол сұқпаңыз. Қолыңызды қысып алуыңыз мүмкін.
Бағыттауыш қапсырманы (39), алдын ала тазарту сүзгісі арттан қолжетімді болғанша, жоғары қарай тартыңыз.
Алдын ала тазарту сүзгісі қақпағының (25) құлыптан босату түймесін (26) басып, қақпақты алдын ала тазарту сүзгісінің бөлімінен алып тастаңыз.
Алдын ала тазарту сүзгісін (41) шығарып алыңыз.
Алдын ала тазарту сүзгісінің пластиналарын жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Алдын ала тазарту сүзгісін оның қақпағы (25) ішіне салыңыз.
Алдын ала тазарту сүзгісінің қақпағын (25) алдын ала тазарту сүзгісінің бөліміне салып, жабыңыз.
Сорғыштың желілік ашасын розеткадан суырып алыңыз.
Сорғыштың жоғарғы бөлігін (12) шығарып алыңыз.
Контейнерді (1) босатыңыз.
Кірді кетіру үшін қалтқыны (43) жылжытыңыз немесе азғантай қағыңыз.
Қалтқыны (43) жұмсақ шүберекпен тазалаңыз.
Қажет болса, қалтқыны алып тастауға да болады. Бұл ретте құлыпты (44) басып, қалтқыны (43) шығарып алыңыз.
Магнитті (45) қылшақпен тазалаңыз.
Қалтқыны (43) қайтадан орнатыңыз.
- Желілік кабельді кабель ұстағышына (19) ораңыз.
- Керек-жарақты өзінің арнайы ұстағыштарына салыңыз.
- Монтаждалған сорғыш шлангіні (27) сорғыш шлангіге арналған бөлімге ораңыз. Екі тартпалы таспаны (13) жоғары қарай тартып, оларды бекіткіш саңылауларға іліп қойыңыз.
- L-BOXX қорабын бекіткіштерге (11) қондырыңыз.
- Пластик қапты/тоқыма сүзгі қабы толып қалса, оны шығарып алыңыз.
- Сорғышты тек тұтқасынан (10) ұстап тасымалдаңыз.
- Сорғышты тегіс бетті, құрғақ бөлмеге қойып, оны рұқсатсыз пайдаланудан қорғаңыз.
- Бағыттауыш роликтерді (17) бекіту үшін бағыттауыш ролик тежегішін (18) басыңыз.
- Сорғышты оңай әрі арқаңызға зиянсыз тасымалдау үшін контейнерді толықтай босатыңыз немесе бүкіл пластик қапты/тоқыма сүзгі қабын кәдеге жаратыңыз.
- Сорғышты жылжыту немесе тарту үшін бағыттауыш ролик тежегішін (18) құлыптан босатыңыз.
- Сорғышты жылжыту немесе тарту үшін тек шығарылған бағыттауыш қапсырманы (39) пайдаланыңыз. Сорғышты баспалдақ үстінде бағыттауыш қапсырмасынан ұстап сүйреуге болмайды. Ол үшін тасымалдау тұтқасын пайдалану керек.
- Сорғышты баспалдақ үстінде тасымалдаған кезде оның күтпеген құлау жағдайын ескере отырып, басқа адамдардың тура артыңызда тұрмағанына көз жеткізіңіз.