Сүзгіні автоматты түрде/қолмен тазалау (M суретін қараңыз)
Сүзгіні автоматты түрде тазалау
Нұсқау: сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы сорғышты қосқан кезде әдепкі бойынша орнатылып тұрады.
A жарық диодты индикаторы (5) үздіксіз жанып тұрады.
Сүзгіні автоматты түрде тазалау кезінде жалпақ қатпарлы сүзгі (31) 15 секунд сайын 2 ауа ағыны арқылы тазаланады (соғып тұратын шу).
Сүзгіні тазалау функциясын жүйелі түрде пайдалану арқасында сүзгінің пайдалану мерзімі ұзарады.
Сүзгінің оңтайлы пайдалану мерзіміне қол жеткізу үшін сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясын тек ерекше жағдайда өшіріңіз, мысалы, ылғалды сору кезінде.
Сүзгіні қолмен тазалау
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын іске қосу үшін сүзгіні автоматты түрде тазалау түймесін (8) басыңыз. Осылайша сүзгіні автоматты түрде тазалау функциясы ажыратылып, A жарық диодты индикаторы (5) сөнеді.
Сүзгіні қолмен тазалау әрекетін орындау үшін сүзгіні қолмен тазалау түймесін (7) басыңыз. Жалпақ қатпарлы сүзгі (31) 2 ауа ағыны арқылы тазаланады. M жарық диодты индикаторы (6) 2 секунд ақ түспен жанып тұрады. M жарық диодты индикаторы (6) сөнгенде, келесі ауа ағыны шығарылуы мүмкін. Ол үшін сүзгіні қолмен тазалау түймесін (7) қайтадан басыңыз.
Нұсқау: сүзгіні қолмен тазалау кезінде түймені әр басу арасындағы уақыт аралығының 2−3 секунд құрауы керек екендігін ескеріңіз. Сүзгіні қолмен тазалау түймесі (7) бірнеше рет қайта-қайта басылса, сорғыштың қатты қызудан қорғанысы іске қосылады. Қатты қызудан қорғаныс біраз уақыттан кейін автоматты түрде өшіріледі қараңыз Ақаулықтарды жою.
Сүзгіні қолмен тазалау функциясын өшіру үшін сүзгіні автоматты түрде тазалау түймесін (8) басыңыз.
Беті ластанған жалпақ қатпарлы сүзгі толықтай жұмысқа қабілетті. Жалпақ қатпарлы сүзгіні қағып немесе үрлеп тазарту керек емес және мұндай әрекет нәтижесінде сүзгіге зақым тиюі мүмкін.