Пайдаланушы интерфейсі (B1B2 суреттерін қараңыз)

GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: пайдаланушы интерфейсі (10) электр құралының жұмыс режимін таңдау және күйін көрсету үшін қолданылады.

GNH 18V-64-2: пайдаланушы интерфейсі (10) жұмыс шамын қосу және өшіру, сондай-ақ электр құралының күйін көрсету үшін қолданылады.

Электр құралының күй индикаторы (22)

Түсі

Мағынасы

Шешімі

жасыл

Электр құралы қосулы және пайдалануға дайын.

сары

Оқиға назарыңызды талап етеді: критикалық температура, аккумулятор заряды таусылайын деп қалды немесе техникалық қызмет көрсету қажет.

  • Электр құралын суытыңыз.
  • Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз.
  • Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беріңіз.

қызыл

Электр құралы жұмысқа дайын емес.

Себебі: электр құралы қатты қызып кетті, аккумулятор заряды таусылды немесе механикалық ақау орын алды.

  • Электр құралын суытыңыз.
  • Аккумуляторды алмастырыңыз немесе зарядтаңыз.
  • Техникалық қызмет көрсетуге тапсырыс беріңіз.

қызыл түспен жыпылықтайды

  • Екінші ажыратқыш тым ерте басылды.
  • Екінші ажыратқыш 5 секунд ішінде басымалды, құрылғы автоматты түрде өшіріледі.
  • Ажыратқыштар қате реттілікпен қолданылды (мысалы, іске қосу құрылғысы, құрылғы түйіспелі іске қосу режиміне ауыстырылмас бұрын басылды)
  • Күй индикаторы жасыл түспен жанғанша күтіңіз.
  • Электр құралы жұмысқа қайтадан дайын.
  • Қағу процесін жаңадан орындаңыз және бұл ретте дұрыс іске қосу реттілігін сақтаңыз.
  • GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD: пайдаланушы интерфейсі арқылы іске қосу жүйесін өзгертіңіз.

Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (23)

Белгі

Түсі

Заряд деңгейі

20–100%

сары

1–20%

қызыл

0–1%

Техникалық қызмет көрсету индикаторы

Белгі

Түсі

Мағынасы

Шешімі

сары

"Төмен" деңгейіндегі жоспарлы техникалық қызмет көрсету күтілуде.

Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

сары

"Жоғары" деңгейіндегі жоспарлы техникалық қызмет көрсету күтілуде.

Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Техникалық қызмет көрсеткеннен кейін техникалық қызмет көрсету есептегішін бастапқы күйге қайтару үшін бастапқы күйге қайтару түймесін (26) басыңыз.

Жұмыс шамын қосу немесе өшіру үшін жұмыс шамының түймесін (27) басыңыз.

Жұмыс шамы қағу процесінен бұрын автоматты түрде қосылып, қағу процесінен кейін автоматты түрде өшіп қалады.