Қолданысқа енгізу
- Электр құралын қосыңыз.
- Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. - Содан кейін іске қосу құрылғысын (6) қысқа уақыт басыңыз да, жіберіңіз.
Сонда шеге шығарылады. - Электр құралын дайындамадан кері жылжытыңыз.
- Кейінгі қағу процесі үшін электр құралын дайындамадан толықтай шығарып, оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
(GNH 18V-64-2 M, GNH 18V-64 MD)
- Электр құралын қосыңыз.
- Режим түймесін (30) қысқаша басу арқылы түйіспелі іске қосу режимін белсендіріңіз.
Түйіспелі іске қосу индикаторы (32) жанады. - Іске қосу құрылғысын (6) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы жанып, қозғалтқыш іске қосылады. - Ауызды (18) немесе қажеттілікке қарай резеңкелі дайындама қорғағышын (1), іске қосу сақтандырғышы (2) толығымен басылғанша, дайындамаға берік орнатыңыз.
Сонда шеге шығарылады. - Қағу әрекетін жалғастыру үшін іске қосу құрылғысын (6) ары қарай басып тұрыңыз және электр құралын дайындамадан толықтай көтеріп алыңыз. Оны қалаулы жақын жерге берік орнатып қойыңыз.
- Режим түймесін (30) қайта басу арқылы бірмәртелі іске қосу режиміне ауысыңыз.
Бірмәртелі іске қосу индикаторы (31) жанады.