Шегеқаққыш машинаның қауіпсіздік ескертулері
- Құралда шегелердің бар екендігіне әрдайым ескеріңіз. Шегеқаққыш машинаны ұқыпсыз пайдалану шегенің атылуына және жеке жарақат алуға алып келуі мүмкін.
- Аспапты өзіңізге немесе кез келген басқа адамға қаратпаңыз. Күтпеген басылу шегелерді босатып, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Аспапты дайындамаға қатты басқанда ғана істетіңіз. Егер құрал дайындамаға тимей тұрса, шеге нысаннан ұрылып ұшып кетуі мүмкін.
- Егер шегелер құрал ішінде қысылса, құралды тоқ көзінен ажыратыңыз. Қысылған шегені алып тастау кезінде шегеқаққыш машина тоққа қосулы болса, ол кездейсоқ іске қосылуы мүмкін.
- Қысылған шегені алып тастау барысында абайлаңыз. Механизмі қысу әсерінде болып, шеге қысылған күйден шығатын кезде күшпен босап кетуі мүмкін.
- Бұл шегеқаққыш машинаны электрлік кабельдерді қысу үшін пайдаланбаңыз. Ол электр кабельдерді орнатуға арналмаған болып электр кабельдердің оқшаулауын зақымдауы мүмкін, бұл арқылы ол элеткр тоқ соғу немесе өрт пайда болуына алып келуі мүмкін.
- Шегеқаққыш машинаны шегелерді жүктеу немесе шығару, керек-жарақтарды баптау немесе өзгерту кезінде қуат көзінен ажыратыңыз. Шегеқаққыш машина қуат көзіне қосулы болса кездейсоқ іске қосылып, нәтижесінде дене жарақатын алуға әкелуі мүмкін.
- Шегелерді әсіресе жүктеу және шығару барысында пайдалану кезінде мұқият болыңыз. Шегелердің дене жарақатына әкелуі мүмкін өткір ұштары бар.
- Бұл шегеқаққыш машинаны пайдаланбаған және бір пайдалану позициясынан басқасына жылжытқан жағдайда, саусағыңызды іске қосу механизмінен алшақ ұстаңыз. Күтпеген басылу шегені босатып, нәтижесінде жарақат алуға әкелуі мүмкін.
- Шегенің жасырулы сыммен жанасуы мүмкін жұмысты орындау кезінде, шегеқаққыш машинаны оқшауланған ұстау беттерінен ұстаңыз. Егер шеге "кернеулі" сымға тисе, шегеқаққыш машинаның ашық металл бөлшектерін "кернеулендіріп", пайдаланушыны электрлік ток соғуы мүмкін.
- Шегеқаққыш машинаны пайдалану кезінде мықтап ұстаңыз. Шегеқаққыш машинаның басқарылмайтын кері соғуы кездейсоқ іске қосуға әкелуі мүмкін, нәтижесінде дене жарақатына әкеледі.
- Дененің қол және аяқ сияқты барлық бөлігін құралдың атылу бағытынан алшақ ұстаңыз. Шеге дайындамаға, сондай-ақ оның артында тұрған кез-келген затқа кіріп, нәтижесінде дене жарақатына әкелуі мүмкін.
- Шегеқаққыш машинаны пайдалану кезінде, дененің қол және аяқ сияқты барлық бөлігін шегенің дайындамаға қағылатын аймағынан алшақ ұстаңыз. Шеге ауытқып, дайындамадан шығып кетуі мүмкін, нәтижесінде дене жарақатына әкелуі мүмкін.
- Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |