Таспалы аралар бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
- Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Кесуші аспаптар тоқ өткізетін сымға тиіп кетсе металды құрылғы бөліктеріне кернеу апарып тоқ соғуына аоып келуі мүмкін.
- Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін.
- Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз. Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін тудырады.
- Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп кері соғу қаупі пайда болады.
- Жұмысты аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріп, тек толықтай тоқтаған таспалы ара дискісін кесіктен тартып шығарыңыз. Осылайша кері соққының алдын алып, электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз.
- Тек зақымдалмаған, ақаусыз күйдегі таспалы ара дискілерін пайдаланыңыз. Майысқан немесе дөкір таспалы ара дискілері сынуы немесе кері соққыны тудыруы мүмкін.
- Майлағышты немесе майды таспалы ара төсемінен алшақ ұстаңыз. Ағып кеткен майды аралаудан бұрын қалдырмай сүртіп шығыңыз. Әйтпесе таспалы ара төсемі сырғып кетуі мүмкін.
- Жұмыс істеу кезінде таспалы ара дискісіне қатты қысым көрсетпеңіз. Тым қатты қысым көрсету таспалы ара дискісінің сырғып кетуіне немесе сынуына әкелуі мүмкін. Жарақат алу қаупі бар.
- Таспалы ара дискісін өшіргеннен кейін бүйірінен басу арқылы тоқтатпаңыз. Таспалы ара дискісі зақымдалуы, сынуы немесе кері соққыны тудыруы мүмкін.
- Жұмысты аяқтағаннан кейін таспалы ара дискісі суығанша оған тимеңіз. Таспалы ара дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
- Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады.
- Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
- Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
- Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар.
- Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
- Аккумуляторды тек өндіруші өнімдері үшін пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. |