Пайдалану түрлері
Барлық 3 жұмыс режимі өлшеу құралының көлденең және тік күйінде жұмыс істейді.
Ротациялық режим
Ротациялық режим әсіресе лазер қабылдағышын пайдаланған кезде ұсынылады. Әртүрлі айналу жылдамдықтарының арасында таңдауға болады.
Сызықтық режим
Бұл режимде айнымалы лазер сәулесі шектелген саңылау бұрышында қозғалады. Осылайша лазер сәулесінің көрерлігі ротациялық режимге қарағанда артық болады. Әртүрлі саңылау бұрыштарының арасында таңдауға болады.
Нүктелі режим
Бұл режимде айнымалы лазер сәулесінің үздік көрерлігіне қол жеткізіледі. Ол, мысалы, биіктіктерді оңай көшіру немесе өзіктестікті тексеру үшін пайдаланылады.
Сызықтық және нүктелі режимдер лазер қабылдағышымен (41) бірге пайдалануға арналмаған.
Өлшеу құралы әр қосылғаннан кейін стандартты айналу жылдамдығымен (600 мин–1) ротациялық режимде болады.
Сызықтық режимнен ротациялық режимге ауысу үшін ротациялық режим түймесін (6) немесе қашықтан басқару құралының ротациялық режим түймесін (26) басыңыз.
Айналу жылдамдығын өзгерту үшін ротациялық режим түймесін (6) немесе қашықтан басқару құралының ротациялық режим түймесін (26) қажетті жылдамдық дисплейде көрсетілгенше басыңыз.
Басты экранда реттелген жылдамдықты айналу жылдамдығының индикаторы (h) арқылы анықтауға болады.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеген кезде ең жоғары айналу жылдамдығын таңдау керек. Лазер қабылдағышынсыз жұмыс істегенде лазер сәулесінің көрерлігін жақсарту үшін айналу жылдамдығын төмендетіңіз және лазер көру көзілдірігін (50) пайдаланыңыз.
Сызықтық немесе нүктелі жұмыс режиміне ауысу үшін сызықтық режим түймесін (5) немесе қашықтан басқару құралының сызықтық режим түймесін (28) басыңыз.
Саңылау бұрышын өзгерту үшін сызықтық режим түймесін (5) немесе қашықтан басқару құралының сызықтық режим түймесін (28), қажетті жұмыс режимі дисплейде көрсетілгенше басыңыз. Саңылау бұрышы түймені әр басқан сайын нүктелі режимге жеткенше біртіндеп азаяды.
360° шамасында өлшеу құралы қайтадан ротациялық жұмыс режимінде болады, айналу жылдамдығы соңғы реттелген жылдамдық болып табылады.
Нұсқау: инерцияға байланысты лазер сызығының ақырғы нүктесінен азғантай лазер шығып қалуы мүмкін.
Сызықтық және нүктелі режимдерде лазер сәулесін немесе лазер нүктесін лазердің айналу жазықтығының ішінде орналастыруға болады. 360° шамасына бұрауға болады.
Сағат тілінің бағытына қарсы бұрау үшін өлшеу құралындағы түймесін (4) немесе қашықтан басқару құралындағы сағат тілінің бағытына қарсы бұрау түймесін (29) басыңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрау үшін өлшеу құралындағы түймесін (3) немесе қашықтан басқару құралындағы сағат тілінің бағытымен бұрау түймесін (36) басыңыз.
Өлшеу құралының тік күйінде лазер нүктесін, лазер сызығын немесе айналу жазықтығын оңай теңестіру немесе параллельді туралау үшін ±8,5% шамасындағы диапазонда X осі бойынша бұрауға болады.
Функцияны іске қосу үшін өлшеу құралындағы еңісті реттеу түймесін (14) немесе қашықтан басқару құралындағы еңісті реттеу түймесін (31) басыңыз. Y осінің еңісті реттеу мәзірі көрсетіледі, Y осінің белгісі жыпылықтайды.
Айналу жазықтығын бұрау үшін өлшеу құралындағы ▲ (4) немесе ▼ (3) түймесін немесе қашықтан басқару құралындағы жоғары еңкейту түймесін (30) немесе төмен еңкейту түймесін (35) қажетті позицияға жеткенше басыңыз.
Өлшеу құралын тік күйде едендегі анықтамалық нүктемен туралау үшін перпендикуляр табаны ретіндегі айнымалы лазер сәулесін (8) төмен бұрауға болады. Перпендикуляр табанының функциясын тек қашықтан басқару құралының көмегімен немесе Bosch Levelling Remote App қолданбасы арқылы іске қосуға болады.
Перпендикуляр табаны ретіндегі айнымалы лазер сәулесі өздігінен нивелирленбейді. Сондықтан перпендикуляр табанының функциясын іске қосқан кезде өлшеу құралының нивелирленгеніне көз жеткізіңіз.
Төмен қаратылған перпендикуляр табанының функциясын іске қосу үшін қашықтан басқару құралындағы перпендикуляр табаны функциясының түймесін (25) басыңыз. Айнымалы лазер сәулесін тігінен туралау барысында дисплейде перпендикуляр табаны функциясының белгісі көрсетіледі. Туралау сәтті түрде аяқталғаннан кейін, басты экранда перпендикуляр табаны функциясының индикаторы (e) жанады.