Жұмыс құралын ауыстыру
Шаңнан қорғайтын қақпақ (3) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (3) зақымдалмағанын тексеріңіз.
- Шаңнан қорғайтын қақпақ зақымдалса, оны дереу ауыстыру керек. Оны қызмет көрсету шеберханасында орындау ұсынылады.
Құралды алмастыру (SDS-plus)
SDS-plus алмалы-салмалы аспабын салу (C суретін қараңыз)
SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай алмастыру мүмкін.
- Алмалы-салмалы аспаптың жалғанбалы ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
- Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне өздігінен бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
- Құралды тарту арқылы оның құлыптанғанын тексеріңіз.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.
SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (D суретін қараңыз)
- Бекіткіш бұранданы (4) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының құралын алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (E суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
- Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) енгізіңіз.
- Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) құрал енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
- Бұрғылау патронының кілтін (21) тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (19) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
- Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (13) "Бұрғылау" күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (F суретін қараңыз)
- Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (19) төлкесін бұрғылау патроны кілтінің (21) көмегімен алмалы-салмалы аспапты шығару мүмкін болғанша сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.