Мақсаты бойынша қолдану
Жылуға ден қою камерасы беткі температураларды жанасусыз өлшеуге арналған.
Көрсетілген термограмма жылуға ден қою камерасы көру өрісінің температура үлестірімін көрсетеді және температура ауытқуларын түстермен ажыратуға мүмкіндік береді.
Осылайша электр құралын тиісінше пайдаланған жағдайда жазықтықтар мен нысандардағы температура айырмашылықтарын немесе ауытқуларын жанасусыз іздеп, құрылыс элементтерін және/немесе ықтимал осал жерлерді көрсетуге болады, соның ішінде:
- жылу қорғағыштары мен оқшаулағыштары (мысалы, жылылық көпірлерін табу),
- едендер мен қабырғалардағы белсенді жылы мен суық құбырлары (мысалы, еден жылытқышы),
- қатты қызған электрлік компоненттер (мысалы, сақтандырғыштар немесе қысқыштар),
- ақаулы немесе зақымдалған аспап бөліктері (мысалы, ақаулы шарлы мойынтіректен қатты қызу).
Өлшеу құралы газдардың температурасын өлшеуге арналмаған.
Өлшеу құралын адам медицинасының мақсаттарымен пайдалануға тыйым салынады.
Мал дәрігерлік мақсаттармен пайдалану жөнінде ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша өтіңіз: www.bosch-professional.com/thermal.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.